Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көптен күткен қуаныш

Көптен күткен қуаныш


Қазалы ауданына қарасты Ү.Түктібаев ауылында жаңа спорт кешенінің іргетасы қаланды.

Жаңа нысанның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен бірқатар облыстық басқарма басшылары және ауылдың ақсақалдары қатысты.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетұлы бой көтеріп жатқан нысанның тұрғындар үшін аса пайдалы екенін айта отырып, салауатты өмір салтына бейімделуге септігін тигізетініне сенім білдірді.
Жасөспірімдер қамы үшін салынып жатқан кешеннің жалпы құны 281 млн. теңгені құрайды. Мұнда ауыл балалары спорттың баскетбол, волейбол және кіші футбол түрлерін ойнай алады. Спорттық кешен келісім-шарт бойынша келесі жылдың басында аяқталады. Дегенмен мердігер мекеме басшылары құрылыс жұмыстарын екі ай көлемінде бітіріп, ел игілігіне пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
30 тамыз 2022 ж. 798 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031