Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Brent пен WTI арзандады: мұнай нарығын не алаңдатып отыр?

Brent пен WTI арзандады: мұнай нарығын не алаңдатып отыр?

Апта қорытындысы бойынша Brent бағасы 2,4 пайызға, WTI 2,5 пайызға төмендеуі мүмкін.
pixabay.com
Әлемдік мұнай бағасы екінші апта қатарынан арзандап жатыр. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы блокаданы сақтап қалу туралы мәлімдемесі әсер еткен. Бұл Таяу Шығыстағы әскери шиеленістің одан әрі өршу ықтималдығын төмендетіп, мұнай нарығына қысым түсірді. Бұл туралы BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
13 қараша таңертең Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 95,41 доллар деңгейінде саудаланды. Ал америкалық WTI мұнайының бағасы 0,25 пайызға арзандап, 88,52 долларға жетті.
Апта қорытындысы бойынша Brent бағасы 2,4 пайызға, WTI 2,5 пайызға төмендеуі мүмкін. Бұл алдыңғы аптадағы күрт құлдыраудың жалғасы. Ол кезде мұнайдың екі маркасы тиісінше 16 және 13 пайызға арзандаған.
Мұнай бағасының төмендеуіне Дональд Трамптың Truth Social әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесі де әсер етті. АҚШ президенті Иранмен келісімге келу соғысты аяқтаудың міндетті шарты емес екенін аңғартып, Тегеранның мұнай жеткізіліміне қатысты блокада мен сауда-экономикалық шектеулерді жалғастыруға ниетті екенін білдірді.
Сонымен қатар Таяу Шығыстағы жағдай әлі де тұрақсыз. Бұған дейін АҚШ, Израиль және Иран арасындағы ұстанымдардың жақындасуы нарыққа оң әсер еткен еді. Алайда кейін Сауд Арабиясының энергетикалық инфрақұрылымы мен Парсы шығанағынан мұнай тасымалдайтын танкерлерге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады.
Иран әскери күштері бейсенбі күні Ормуз бұғазында ескертуге құлақ аспаған төрт мұнай танкері жарылыс салдарынан зақымданғанын мәлімдеді. Алайда Reuters бұл ақпаратты тәуелсіз түрде растай алмаған.
Сол күні Иран қолдайтын Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясындағы Шығыс-Батыс мұнай құбырының сорғы станциясына, Қызыл теңіз жағалауындағы Янбу қаласындағы мұнай нысанына және Эр-Риядтағы Saudi Aramco ғимаратына соққы жасағанын мәлімдеді.
Ормуз бұғазы әлемдік мұнай тасымалындағы маңызды бағыттардың бірі саналады. Сондықтан бұл аймақта кеме қатынасының шектелуі энергетикалық нарықтағы тұрақсыздықты күшейтуі мүмкін.
Мұнай бағасына АҚШ-тағы қор көлемінің артуы да әсер етті. АҚШ-тың Энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) мәліметінше, 6 қарашада аяқталған аптада елдегі коммерциялық мұнай қоры 4,7 миллион баррельге өсіп, 414,4 миллион баррельге жеткен. Ал сарапшылар қор көлемі 1,1 миллион баррельге азаяды деп болжаған.
Қордың өсуіне мұнай импортының артуы мен мұнай өнімдеріне сұраныстың әлсіреуі себеп болған.
MiTrade брокерлік компаниясының жаһандық кеңесшісі Крис Бранкиннің бағалауынша, қазіргі мұнай бағасы Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты тәуекелдердің едәуір бөлігін ескеріп қойған. Дегенмен нарық қатысушылары қақтығыстың өршуі мен Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізіліміне төнетін қауіптерді жіті бақылап отыр.
13 қараша 2026 ж. 14 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30