Дауылды ескерту: Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі
ТЖМ азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, жолда мұқият болуға, сапарларды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге және дауылды ескертулерге назар аударуға шақырады.

Еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі. Кейбір аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с, жекелеген жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді.
Республикалық маңызы бар қалаларда:
Астанада күн ала бұлтты, аздаған қар жауады. Ауа температурасы күндіз 0…+2 градус, түнде -1…-3 градус. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 2–7 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз +5…+7 градус, түнде -2…-4 градус. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз +7…+9 градус, түнде 0…-2 градус. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5–10 м/с.
Сондай-ақ Жетісу, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарының бірқатар аудандарында тұман мен көктайғақ күтіледі.
Қызылорда, Жетісу және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.









