Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Әділдікті талап ет!»: тұрғындар аты-жөнін айтпай-ақ жол сапасы туралы арыз-шағымын айта алады

«Әділдікті талап ет!»: тұрғындар аты-жөнін айтпай-ақ жол сапасы туралы арыз-шағымын айта алады

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын қолдай отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен бірлесіп, 15 тамызда республика бойынша автожолдар саласында «Әділдікті талап ет!» атты ауқымды науқан бастады. Оған Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады.
Акция аясында еліміздің барлық өңірлеріндегі жолдардың сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу басталды.
Басты мақсат – жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы жүйелі заңбұзушылықты жою.
Тек соңғы бес жылда жолдарды дамытуға және оларды жөндеуге республикалық бюджеттен 1,7 триллион теңгеге жуық қаражат бөлінді.
Қазақстандықтарға енді сапасыз жол туралы анонимді шағым түсіруге мүмкіндігі бар. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.
«Президенттің сыбайлас жемқорлықпен күрес бастамаларын жүзеге асырып, қоғамның белсенділігін арттыру мақсатында салалық агенттікпен бірге «Әділдікті талап ет!» атты республикалық акция бастадық. Біз азаматтарды, бүкіл саяси күштерді, қоғамдық бірлестіктерді акцияға белсенді түрде қосылуға және жолдардың жағдайын бірге жақсартуға шақырамыз», – деді ол.
Оның айтуынша, бірлестіктің ресми сайтындағы мәліметтерді пайдаланып, әр азамат өз бетімен жолдың сапасын тексере алады.
«Бірақ бұл жерде қауіпсіздік ережелерін ұмытпау керектігін ескертемін. Қажет болса, сайттағы арнайы байланыс деректері арқылы мамандарға хабарласып, бірге мониторинг жасауға болады. Adildik.kz сайтына немесе 1463 Call орталығына хабарласуға болады. Adildik.kz сайтына сапасыз, шұрық-тесік жолдың фотосы мен видеосын жіберуге болады. Тіпті, аты-жөніңізді айтпай, құпия түрде де шағым түсіре аласыз. Ең бастысы, ақауы бар жолдың нақты орнын жазып, фото немесе видео айғақ салу қажет. Сол фото, видео арқылы мониторинг ашып, тексеру жүргіземіз. Керек болса, тәуелсіз зертхана арқылы тиісті зерттеу жасап, нақты дайын ақпаратты антикор мен әкімдіктерге жолдаймыз», – деді Смағұлов.
Қазақстанда бұл сала сыннан көз ашпай жатқаны анық. Сапасыз жолдардың салдарынан жол-көлік апаттарында талай адамның өмірі қиылды. 2021 жылы автожол саласына 500 млрд теңге шамасында қаржы бөлінген. Сонымен қатар биыл 14 000 жол-көлік апаты тіркеліп, онда 2 000-нан аса адам қаза тауып, 18 000 адам жарақаттанған.
Биыл 11 мыңнан астам шақырым жолға әртүрлі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған 600 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Ал жол жөндеуге бөлінген қаражаттың 44 пайызына мемлекеттік сатып алу қорытындысы жасалған жоқ. Автожолдарды салу жобаларының барлық кезеңдері жемқорлық тәуекелдеріне бейім.
Азаматтар науқанға Adildik.kz веб-сайты арқылы қосылып, 1463 Call орталық бойынша Қазақстан автожолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау саласындағы жемқорлық туралы ақпаратты 15 тамыздан бастап хабарлай алады.
Келіп түскен барлық ақпарат қалың жұртшылықты жұмылдыра отыра, жергілікті және республикалық «Әділдік кеңесі» атты кеңестерінде талқыланады. Сонымен қатар салалық нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында және уәкілетті органдарға сындарлы ұсыныстар ұсынылатын болады.
18 тамыз 2022 ж. 508 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930