Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе рейсі қайта ашылады

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе рейсі қайта ашылады

ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Вьетнам Социалистік Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды egemen.kz
Аталған комитеттің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, вьетнамдық «Vietjet Air» ірі әуе компаниясы алдағы қыркүйек айының соңынан бастап Airbus А-330 үлгісінде әуе кемесімен аптасына 2-3 рет жиілікпен Камрань – Нұр-Сұлтан және Камрань – Алматы бағытында тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
«Vietjet Air» - Вьетнамның төмен бюджетті әуе тасымалдаушысы. Әуе компания рейстерді 2007 жылы бастады.
19-дан астам бағыт бойынша әлемнің 10 еліне (Сингапур, Малайзия, Мьянма, Индонезия, Камбоджа, Тайвань, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Үндістан) халықаралық рейстерді орындайды. Компания паркінде Airbus А320, A321, А321 neo, А330 үлгісіндегі 78 әуе кемесі бар.
08 тамыз 2022 ж. 480 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 62

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031