Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәстүрлі қолөнерді дәріптеген

Дәстүрлі қолөнерді дәріптеген

Халқымыздың ұлттық киім үлгілері өте көп. Олар өзінің көз тартарлық әсемдігімен, ою-өрнегімен, сәнділігімен осы күнге дейін жоғары бағаланып, қадір-қасиеттерін жоймай келеді. Олардың кейбіреулерін күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін мереке-мейрамдарда, ойын-сауық, той думандарда киеді. Осындай ұлттық киімнің бір түрі – тымақты тігу өнері Сарыкөл ауылдық округінің тұрғыны Оңдашбай Өтемістің бойына атаның қанымен, ананың сүтімен дарыған екен.
Сегіз қырлы, бір сырлы Оңдашбай ағамыз ісмерлік өнерін сонау 20 жасында бастаған. Кейін келе 2017 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының игілігін көріп, қолға тиген қаражатқа керек-жарақтарын алып, жұмысы жеңілдегенін айтады. Биыл дәстүрлі қолөнерді дәріптеп келе жатқанына 29 жыл толыпты. Бүгінде тігіншіліктің қыр-сырын игеріп, тұрақты тұтынушыларының сенімінен шығып келеді. Алайда күн ызғары түскен сәтте ғана сұраныс көп түсетін тауарды, көршілес ауыл тұрғындары тұрақты қолданып келеді. Осылайша ол нәпақасын тауып, отбасын асырап отыр.
Әзірше шағын аң терілерінен яғни, түлкі тымақ, құлақшын, ішік сынды бас киімдер тігіп жүр. Ал күн жылыған сәттен бастап бірнеше ау түрлерін тоқиды. Мұнымен қатар көлемді масаханалар мен ат әбзелдерін, оған керекті бұйымдарды да жасайды. Көрпе, мәсі, етік секілді заттарды жасаудан да қалыс емес. Оңдашбай шебердің қолынан шыққан туындылар аудандық, облыстық көрмелерге шығарылып, көпшіліктің көңілін шығып келеді.
2017 жылы аудандық «Талантыңмен таңқалдыр» байқауында бас жүлдені иеленді. Одан бөлек түрлі, аудандық, облыстық көрме, байқауларда шарапатқа ие болып жүр.
Тігіншінің айтуынша, жыл өткен сайын заман ағымына ілесу үшін жаңа жабдықтар мен техниканың қажет етеді.
– «Жаңа заманда – жаңа технология» демекші, жұмыс процессін жеңілдету немесе кәсіп ауқымын одан әрі кеңейту үшін жаңа құрылғылар қажет. Мемлекет тарапынан басқа да бағдарламалар болса, белгілі грантты жеңіп алып, бүгін шағын аң терісін илесем, алдағы уақытта ірі мал терісінен киім-кешек тіксем деген мақсатым бар, – дейді ол.
Қазақта «Шебердің қолы ортақ» деген тәмсіл бар. Өзінің қабілет-қарымын шыңдап, атадан балаға мирас болып келе жатқан өнерін екі ұлына үйретіп келеді.
Айта кететіні, Оңдашбай Өтеміс жарымжан болғанына қарамастан, он екі мүшесі сау жандардың кейбірінен артығырақ десек қателеспейміз. Шебердің кәсібіне тек бақ пен береке тілейміз.
Серік АҚМЫРЗА
06 тамыз 2022 ж. 672 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 26

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 64

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 103

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 57

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 56

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031