Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көз жауын алған қолөнер

Көз жауын алған қолөнер

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының игілігін көріп жатқан қазалылықтар жетерлік. Солардың бірі – Абай ауылының тұрғыны Оңдашбай Өтеміс десек қателеспейміз. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт ағасы ісмерлік өнермен 1993 жылдан бері айналыса бастапты. Бұл күнде оның қыр-сырын игеріп, өзінің тұрақты тұтынушыларының сенім үдесінен шығып келеді. Жылдың әр мезгіліне орай тіккен оның бұйымдарын өзі тұратын Абай ауылымен қатар, Қазалы қаласы және Арықбалық, Көларық ауылдық округінің тұрғындары жиі қолданып келеді.
Оқаң қыс мезгілінде аң терілерінен түлкі тымақ, құлақшын, ішік тіксе, ерте көктемнен бастап күзге дейін түрлі ау түрлерін тоқиды. Мұнымен қатар, әркелкі көлемдегі масаханалар мен ат әбзелдерін, оған керекті бұйымдарды жасайды. Көрпе, мәсі, етік секілді заттарды жасаудың да түрлі әдіс-тәсілін меңгерген.
Жалпы, көпшілікке белгілі шебердің қолынан шыққан туындылар аудандық, облыстық көрмелердің көрігін қыздырып, көпшіліктің жоғары бағасын да иеленіп жүр. Мәселен, өткен жылы аудандық «Талантыңмен таңқалдыр» байқауында бас бәйге иеленсе, жуырда ғана облыстық байқауда «Алғыс хатпен» марапатталды.
«Жігітке жеті өнер де аз» демекші, Оңдашбай қолөнерді меңгерумен қатар, шабыттанғанында өлең де жазады.
– Кез келген өнер атаның қанымен, ананың сүтімен даритыны айқын. Маған да бұл ісмерлік әке-шешемнен қонса керек. Құдайға шүкір, осы еңбектің нәтижесінде жуырда 1 миллион теңге грант иелендім. Кәсібім арқылы отбасымды асырап, шеберханамды кеңейтсем деген ойым бар. Барлығы болашақтың еншісінде, – дейді.
Халқымызда «Шебердің қолы ортақ» деген қанатты сөз бар. Өзінің қабілет-қарымын шыңдап, берекелі кәсіпке айналдыра білген шебер өз ісін кейінгі інілеріне де үйретіп келеді. Шебердің кәсібіне тек береке тілейміз.
Есет ТАБЫНБАЕВ
13 қазан 2018 ж. 2 241 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930