Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыл құйрықтыларды көбейтпек

Қыл құйрықтыларды көбейтпек

Бүгіндері ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры “Еңбек” бағдарламасы арқылы жекеленген ауыл адамдарын несиемен қамтуда. Жалпы бөлінген қаржы мал мен құстың басын сатып алу мен көбейтуге, кәсіпкерлік пен егінжайды дамытуға бағытталған. Оның игілігін Аранды ауылының тұрғыны Алтынбек Ақшаев та көріп келеді. Ол тұрақты жұмысы болмағандықтан мал шаруашылығымен айналысады. Қорасында сиыр, қой мен ешкісі бар. Жақында мемлекет ұсынған жоба арқылы “Бизнес бастау” курсына қатысып, кәсіпкерлік негіздерінен бір ай білім алды. Соның арқасында өз бизнес жоспарын қорғап, 6 проценттік 4 миллион теңге несие иеленді. Мемлекет ұсынған қаражатқа 10 бас жылқы әкелді. Бүгінде қыл құйрықтылар ауыл маңындағы әкесінің 100 гектар аумақты алып жатқан «Нұрдәулет»” қожалығында жайылып жүр. Мұнда мал жайлымдық және шабындық жер жеткілікті. Жанында «Өтеген» шүңгіл мен «Жыңғылды ой» көлі бар.
– Қор ұсынып жатқан шарттар еңбек етемін деген шаруа үшін өте ыңғайлы. Осындай ауылдық жердегі халықтың хал-ауқатын жақсарту үшін берілген мүмкіндікке алғысым шексіз. Үкіметке, қор филиалына ризашылығымды білдіремін. Мемлекет көмегінің арқасында енді тұрақты табыс табамыз деген ойдамын. Отбасымды асырап, ауылды көркейтуге өз үлесімді қосамын, – дейді Алтынбек.
Оның айтуынша, қазіргідей уақытта ауылдық жерде жылқы ұстаған тиімді. Себебі бұл жануар керекті азығын өзі табады. Тек арагідік 3 күнде бір қайырып, бақылап отырады. Алтынбек алдағы уақытта жылқы басын көбейтіп, бордақылауды да дамытпақ. Сондай-ақ биені қолға үйретіп, қымыз сауу жоспарында бар.
– Мал шаруашылығын дамытуда отбасы мүшелері бірауыздан қол ұшын береді. Бұл отбасылық атадан келе жатқан кәсіп десем артық айтқаным емес. Бұрында әкемнің атындағы шаруа қожалығы болған. Оның қасында жүріп, мал баптаудың қыр-сырын үйрендім. Ал “Бизнес бастау” курсында заман талабына сай кәсіпкерлік негіздерді оқып шықтым. Қажетті құжаттарды дайындау жолдары мен жаңа идеяларды жүзеге асыру істеріне қанықтым. Алға қойған мақсат пен ойлар көп. Енді білек сыбана жұмысқа кірісу қажет, – дейді кәсіпкер.
Қазір Алтынбек Төлендікұлы ұлының атымен “Дамир” атандырған жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Оның еңбекқорлығы мен жігерлілігіне тәнті болған біз жаңадан қолға алған кәсібіне береке тіледік.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
11 тамыз 2020 ж. 635 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031