Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл елімізде 400 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады

Биыл елімізде 400 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады

Бүгінгі күні балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға 390 мыңға жуық өтініш түсті. Оның ішінде балалардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуды таңдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 1 сәуірде басталған болатын. Ал құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 1 тамызда аяқталады. Одан кейін мектептерге сыныптарды қалыптастыруға сапалы дайындық жұмыстарын жүргізуге және оқу үрдісін ұйымдастыруға уақыт беріледі.

«Құжаттарды қабылдау мерзімінің аяқталуына санаулы күндер қалды. 1 сәуірден бастап 4 ай бойы БАҚ-та да, әлеуметтік желілерде де 1 тамызға дейін құжаттарды тапсыру қажеттігі туралы хабарлап келеміз. Әлі өтініш беріп үлгермегендер 1 тамызға дейін құжат тапсыра алады. Қазір көптеген мемлекеттік білім беру қызметі электронды форматта қолжетімді, сол себепті egov.kz веб-порталы арқылы өтініш жіберуге болады. Сонымен қатар ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз форматында да тапсыру мүмкіндігі бар», - деп түсіндірді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Балаларды қазақ сыныптарына қабылдау бойынша жоғары көрсеткіш Қызылорда (89,7%), Батыс Қазақстан (85,4%), Маңғыстау (87,6%) және Жамбыл облыстарында байқалады.

Жаңа оқу жылында 405-410 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барады делініп отыр.
26 шілде 2022 ж. 492 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031