Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақыт деген – сенің бала күндерің

Бақыт деген – сенің бала күндерің

Кезекті оқу жылын тәмамдап, жазғы демалысқа шыққан әрбір оқушы қыдырғанды жаны қалайды. Бұл ретте қазалылық балғындарға «Шағала» лагері шаттық сыйлап келеді. Балаларды шат күлкіге көмкерген мекенге біз де ат басын бұрдық.
Алпыс бес жылдық тарихы бар демалыс орыны алғашында Батыс Қазақстан теміржол балаларына арналып салынған. 2001 жылдан бастап теміржол теңгерімнен алынып, аудандық білім бөлімінің қарамағына берілді. Содан бері аудан балаларының демалысын ұйымдастырып келеді. Бұнда 16 қызметкер тұрақты еңбек етеді. Маусымдық кезеңде қосымша 23 адам жұмыспен қамтылады. Демалыс орталығының балалар тынығу аумағы 19 гектар. Екі жатақхана, асхана, медпункт, балалар шомылатын бассейн, душ, жаздық клуб, жасанды футбол алаңы бар. 45 мыңға жуық түрлі ағаштар мен жеміс түрлері өседі.
– Қазірге дейін 625 бала тынықты. Он күндік демалыста тынығушылар үшін қолайлы жағдай жасау біздің басты міндетіміз. Олар жай демалып ғана қоймай, білімді толықтыратын, тәрбиені арттыратын іс-шараларға тартылады. Жоспар бойынша күнделікті кештер, мерекелік концерттер, ертегілер еліне саяхат, сахналық қойылымдар, спорт сайыстары ұйымдастырылады. Балалар жылына орай қолға алған жаңашыл істеріміз де жетерлік, – дейді «Шағала» балаларды сауықтыру-демалыс орталығының директоры Берік Әбиев.
Балаларды сауықтыру-демалыс орталығында биыл 7 ауысым бойынша 875 бала демалдыру жоспарланған.
Қазір 5-ші ауысым. Ауысым сайын 125 бала қабылданады. Барлық ауысымда міндетті оқу қоры есебінен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балалары тынығуда. Бір балаға жолдама құны 25 мың теңге. Лагерге келген балалар он күн бойы қызықты әрі тәрбиелік мәні зор іс-шараларға қатысып, күнін керемет өткізеді. Демалушылар бес мезгіл тамақтанады. Жеткіншектерге 12 мұғалім тәрбие сағаттарын жүргізеді. Олардың қатарында дене жаттықтырушы, суда жүзу жетекшісі, музыка жетекшісі бар.
Балалар дәрігері Әсия Қоянбаева мен медаға Абзал Аманкелді, тіс дәрігері Нұғман Бердібаев балалардың денсаулығын жіті бақылап отырады. Аспазшылар Айгүл Нағашыбай, Айнұр Құрманғалиева, Рысжан Омарова, Айнұр Тоқмамбетовалар дәмі тіл үйіретін түрлі тағамдарды ұсынып, балалардың алғысын алып жүр.
– Маған лагерь қатты ұнады. Жаңа достар таптым. Күннің ыстығы тіпті де білінбейді. Өйткені бұнда жап жасыл, қалың орман секілді. Бассейнге түсіп салқындаймыз. Күнде түрлі ойындар ойнаймыз. Концерттер қойып, топ болып сайыстарға қатысамыз. Бұнда өте көңілді, – дейді №216 мектеп оқушысы Динара Талғат.
PS:Жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер ойынның көркін қыздырып жатты. Ер балдардың басым көпшілігі футбол алаңының маңында, кейбірі жүгіріп жарысуда. Білек күшін сынап, қол күрестіріп жатқандар да жоқ емес. Қыздар жағы топтасып алып, орта доп ойнап жатыр. Бәрі сондай көңілді. Көз сүйсінтер көріністі тамашалап тұрған менің ойыма Мұқағали ақынның «Бақыт деген сенің бала күндерің...» деген өлең шумақтары орала кетті.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
26 шілде 2022 ж. 1 008 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031