Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындардың өтініші ескерілді

Тұрғындардың өтініші ескерілді

Бүгін аудандық партия филиалы жанындағы «Шипагер» бастауыш партия ұйымында орналасқан Қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Тілеп Ібайдулла Тілепұлы бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік тақырыптарында өтініштер түсіп, бірқатар ұсыныс-пікірлер көтерілді.
Фракция мүшесі азаматтарды қабылдау барысында келіп түскен сауаладарға жеке-жеке жауап беріп, үй өртке оранған ананың өтінішін бақылауға алып, көмек қолын созатындығын атап өтті.
Сонымен бірге жұмыспен қамту, кәсіпкерлігін қайта жалғастыру мақсатында қайтарымсыз грант алу сынды мәселелер бойынша тиісті сала қызметкерлерімен байланысып, шешілу жолдарын заң аясында қарастырды. Сондай-ақ, жеке қабылдауда кент тұрғыны тарапынан Балалар жылы аясында ұсыныс айтылып, мәслихат депутаты ұсынысқа қолдау білдіріп, тұрғын өз ризашылығын жеткізді.
#AMANAT
25 шілде 2022 ж. 515 0

Жедел көмек жан сақтайды

06 желтоқсан 2024 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031