Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өрлеу жолындағы Өркендеу

Өрлеу жолындағы Өркендеу


Қазалы ауданына қарасты ауылдардың қатарында қойнауы құтқа толы тарихи мекендер жетерлік. Тамыры тереңде жатқан Жанкент шаһарының өзі талай тамаша мен тауқыметтің куәсіндей. Түрлі аңызға арқау болған өңірде бүгінде Өркендеу ауылдық округі орын тепкен.
251 отбасы қоныстанған округте 1329 адам тұрады. Мұнда 11 шаруа қожалығы, 1 өндірістік ауылшаруашылығы кооперативі, 4 аралас заттар дүкені, 1 наубайхана, 1 тігін цехы, 2 маршруттық автобус, 5 такси және 32 әртүрлі қызмет көрсетуімен айналысатын, барлығы 57 кәсіпкерлік субьектісі халыққа қызмет көрсетеді. Жыл өткен сайын бизнеске бет бұрғандар қатары артып келеді. Мәселен, осы жылдың алты айында жаңадан 6 жеке кәсіпкерлік өз ісін қолға алған.
«Бастау-Бизнес» жобасымен оқуға 10 жас және әлеуметтік осал топқа жататын бір ІІІ топ мүгедегі «Еңбек КZ» порталы арқылы электронды тіркелуге құжаттарын дайындады.
Қазіргі таңда тіркелу уақытын күтуде. Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде аудандық кәсіпкерлік палатасы МФО «Атамекен» арқылы екі ауыл тұрғыны 2022 жылы құны 3 миллион теңгені құрайтын мал шаруашылығы жобасымен құжаттарын тапсырып, қаражатын күтуде.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы ақылы қоғамдық жұмысқа 27 адам қабылданды. Екі отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Әлеуметтік жұмыс орны бойынша бір кәсіпкерлік субьекті бір адамды жұмыспен қамтуға өтінім берді. Жастар тәжірибесіне №104 орта мектебіне бастауыш, химия, дене шынықтыру, информатика, география, математика пән мұғалімдері мамандығы бойынша өтінім беріліп, екі адам жастар практикасына қабылданды. №5 «Аққоян» бөбекжай-балабақшасына аспаз және оператор, «Өркендеу ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңгер, есепші мамандықтары бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығына «Еңбек кз» порталы арқылы өтінімдер берілді.
Қазіргі уақытта ауылда 2482 ірі қара, 3749 уақ мал, 1704 жылқы, 101 түйе, 200-ден аса құс есепке алынған. Мал тұқымын асылдандыру бағытында екі шаруа қожалығы, асыл тұқымды алты бұқа сатып алды.
Округ бойынша 5 бұлақ құжаттандырылып, оның ішінде ауыл тұрғындарының тұрмыс тіршілігіне қажетті елді мекеннің солтүстік беткейіндегі Ә.Тобаев көшесі бойындағы және оңтүстік-шығыс беткейдегі, бұрынғы ферма аумағындағы су өткізу қабілеті нашар күйдегі барлығы үш бұлақты қазу жұмыстарын жүргізуге жобалық-зерттеу жұмыстары (ПИР) құжаттары дайындалып, аудандық ауылшаруашылығы бөліміне өтінім тапсырылды. Ауылдық ветеринариялық пункт қызметкерлері тарапынан жоспарланған диагностикалық зерттеулер мен профилактикалық іс-шаралар кезең-кезеңмен жүргізіліп келеді.

– 2022 жылы ұзындығы 1,0 шақырым Жанкент көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жоба сметалық құжаттары жасалып, аудандық тұрғын үй жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырылды. Ауылды абаттандыру, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына, елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге қажетті қаражат бөлініп, елді мекеннің санитарлық тазалығына, көгалдандыру жұмыстарына жұмсалып мақсатты игерілетін болады, – дейді ауыл әкімі Қожахмет Қуанғали.
Жанкент ауылындағы №104 орта мектепте биыл 219 оқушы және мектепалды даярлық тобында 23 бала білім алды. Оларға 43 мұғалім оқу-тәрбие жұмысын жүргізді. Дәрігерлік амбулаторияда 1 жоғары білімді дәрігер және 8 арнаулы орта кіші буын медициналық қызметкерлер қызмет көрсетеді. Амбулатория жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген. Ал №5 «Аққоян» балабақшасында 90 бала тәрбиеленуде. Ауылдық кітапханада 27241 дана кітап қоры бар. Соңғы 6 айда жаңадан 35 дана кітап қосылды. Клубта түрлі мәдени іс-шаралар кестеге сәйкес үздіксіз ұйымдастырылып тұрады.
Ауыл әкімінің берген мәліметіне сүйенсек, осы жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты арыз-шағымдар түспеген. Әртүрлі деңгейдегі құқық бұзушылықтар ауыл ақсақалдарымен және медиация өкілдерімен шешіліп, тиісті шаралар қабылданып отырады.
– Алда атқарылар іс көп. ҚР Президентінің бағдарламаларынан туындайтын іс-шараларды округ көлемінде іске асырып, округ халқының табысы өсіп, тұрмыс жағдайының жақсаруы үшін шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға баса назар аударудамыз. Жұмыссыз азаматтар мен ауыл жастарын «Бизнес-бастау» кустарына тартып, жеңілдетілген несие алып, жаңадан кәсіп ашып немесе кәсіптерін кеңейтуге жәрдемдесу басты міндетіміз. Ауылдық округ айналасы мен орталығының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында көркейту-көгалдандыру жұмыстары мен қатар санитарлық тазалыққа ден қойып, ауыл болып атсалысудамыз, – деп ауыл әкімі бізбен әңгіме аяғын түйіндеді.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
12 шілде 2022 ж. 345 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 73

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 122

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 129

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 92

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031