Тоғжанов зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Премьер-министрдің орынбасары ретінде осы мәселеге мен жауап беремін. Бұл мәселемен қаржыға жауапты вице-министрлер емес, мен жеке айналысамын. Жұмыс тобы құрылды, ол Әлеуметтік кодексті әзірлеу аясында тиісті жұмыстарды атқаруда. Сондықтан бұл мәселе талқыланып жатыр. Түрлі топпен, соның ішінде осы мәселеге бастамашы болғандармен кездесулер өтіп жатыр. Биыл Әлеуметтік кодекс қабылданады. Бұл бір күннің ісі емес. Жыл соңына дейін шешім қабылданады. Жазда да, күзде де талқылаймыз», - деді Ералы Тоғжанов.
Премьер-министрдің орынбасары кеншілердің зейнет жасына қатысты да пікір білдірді.