Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоғжанов зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

Тоғжанов зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Парламент палаталарының бірлескен отырысында зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді.

«Үкіметте жұмыс тобы құрылды. Бұл мәселе талқыланып жатыр. Бүгінде бізге түскен барлық ұсыныс, оның ішінде зейнет жасын төмендету, әлеуметтік кодекске өзгерту енгізу мәселелері бойынша жұмыс тобын құрып, талқылап жатырмыз», - деді Тоғжанов.

Тоғжанов Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнет жасын төмендету мәселесіне жауап бермейтінін айтты.

«Ерұлан Жамаубаев басқа мәселелерге жауап береді. Ол вице-премьер-министр ретінде аталған сұраққа жауап бере алмайды. Бұл мәселенің маған қатысы бар. Сондықтан мұны талқылап жатырмыз», - деді ол.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнет жасын төмендету мәселесі әлі талқыланбағанын айтқан еді.
30 маусым 2022 ж. 517 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031