Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мереке қарсаңында мерейі артты

Мереке қарсаңында мерейі артты

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мерекесі. Осыған орай сенбіде Қазалы ауданы орталығындағы Әйтеке би спорт кешенінде кіші футболдан жарыс өтті. Оны Түркітілдес журналистер қорының жанынан жуырда ғана құрылған Спорт комитеті ұйымдастырды.
Түркітілдес журналистер қорының жүлдесі үшін өткізілген доп додасына 6 команда қатысып, бақ сынады.
Жарысқа қатысқан Қазалы ауданы әкімдігі, Жастар ресурстық орталығы, аудандық ішкі саясат бөлімі, «Қазалы» газеті редакциясы, «Өнер жұлдыздары», «Қала жастары» командасы өзара мықтыны анықтады.
Жарыс нәтижесінде «Қазалы» газетінің журналистері бірінші, аудандық мәдениет бөлімінің «Өнер жұлдыздары» командасы екінші, Қазалы ауданы әкімдігі үшінші орынды қанжығалады.
Сонымен қатар тартысты өткен турнирдің «Үздік ойыншысы» болып «Қазалы» газеті бас редакторының орынбасары Ринат Әбдіқалық танылса, «Үздік қақпашы» Жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Алихан Есмағамбет атанды.
Ал «Үздік қорғаушы» наминациясымен «Өнер жұлдыздары» командасының ойыншысы Әмір ­Сариев марапатталды.
Ала доп аламанын қорытындылаған «AMANAT» ­партиясы аудандық филиалының хатшысы Н.Жалғасбаев аталған бәсекенің жастарды спортқа баулуда маңызды екендігіне тоқталып, біріншіліктің өтуіне ұйытқы болған Түркітілдес журналистер қорына ризашылығын жеткізді.
Мұнан соң жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай және заттай сыйлықтармен, кубок, медалдармен марапатталды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
28 маусым 2022 ж. 497 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 221

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031