Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тартысты турнир өтті

Тартысты турнир өтті

28 маусым - Бұқаралық ақпарат қызметкерлері мерекесі. Осыған орай бүгін Қазалы ауданы орталығындағы Әйтеке би спорт кешенінде кіші футболдан жарыс өтті. Оны Түркітілдес журналистер қорының жанынан жуырда ғана құрылған Спорт комитеті ұйымдастырды.
Түркітілдес журналистер қорының жүлдесі үшін өткізілген доп додасына 6 команда қатысып, бақ сынады.
Жарысқа қатысқан Қазалы ауданы әкімдігі, Жастар ресурстық орталығы, аудандық ішкі саясат бөлімі, “Қазалы” газеті редакциясы, “Өнер жұлдыздары”, “Қала жастары” командасы өзара мықтыны анықтады.
Жарыс нәтижесінде бойынша “Қазалы” газетінің журналистері бірінші, аудандық мәдениет бөлімінің “Өнер жұлдыздары” командасы екінші, Қазалы ауданы әкімдігі үшінші орынды қанжығалады.
Сонымен қатар тартысты өткен турнирдің “Үздік ойыншысы” болып “Қазалы” газеті бас редакторының орынбасары Ринат Әбдіқалық танылса, “Үздік қақпашы” Жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Алихан Есмағамбет атанды.
Ал “Үздік қорғаушы” наминацмясымен “Өнер жұлдыздары” командасының ойыншысы Әмір Сариев марапатталды.
Ала доп аламанын қорытындылаған “AMANAT” партиясы аудандық филиалының хатшысы Н.Жалғасбаев аталған бәсекенің жастарды спортқа баулуда маңызды екендігіне тоқталып, біріншіліктің өтуіне ұйытқы болған Түркітілдес журналистер қорына ризашылығын жеткізді.
Мұнан соң жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай және заттай сыйлықтармен, кубок, медалдармен марапатталды.













"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

25 маусым 2022 ж. 634 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031