Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Болат Өтемұратов алтын бизнесіне мемлекеттен 126,8 млрд теңге несие алған

Болат Өтемұратов алтын бизнесіне мемлекеттен 126,8 млрд теңге несие алған

Қазақстандық олигарх Болат Өтемұратов алтын өндіретін RG Gold және RG Processing компанияларының активтеріне иелік етеді.Dalanews.kz басылымының хабарлауынша, Өтемұратов алтын өндіру бизнесіне Қазақстан даму банкінен Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010-2014 жылдары және 2015-2019 жылдары жалпы 126,8 млрд теңге несие алған.

Алтын өндірісі еліміздегі ең табысты салалардың бірі, бірақ Қазақстан даму банкі олигархтың алтын өндірісін қолдауға қомақты несиені неге бөлгені түсініксіз.

Shishkin_like каналы RG Gold, RG Processing компаниялары Назарбаев отбасына жақын жүретін Болат Өтемұратовқа тиесілі екенін жазған.
2022 жылы мамыр айында 64 жастағы Болат Өтемұратов 2,8 млрд доллар байлығымен еліміздегі бай адамдардың тізімінде алтыншы орынға жайғасқан.

ForteBank-тің 89,35%-ы (банктың капиталы 277,7 млрд теңгені құраса, жалпы активі 2,42 трлн теңгеге жеткен), бұдан басқа «КаР-Тел» ЖШС-ның 25%-ы, «Sky Mobile» компаниясының 49,9%-ы Болат Өтемұратовтың қарамағында екенін еске саламыз.
27 маусым 2022 ж. 509 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 116

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930