Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда креативті индустрия ұғымы заңнамалық тұрғыда бекітіледі

Қазақстанда креативті индустрия ұғымы заңнамалық тұрғыда бекітіледі

Креативті индустриялар қызметінің түрлерін санатқа бөлу үшін әдіснамалық тәсілдер құрылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша заң жобасы таныстыру кезінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Креативті индустрияны құқықтық реттеу мақсатында креативті индустрия ұғымын айқындауды заңнамалық тұрғыдан бекіту, осы субъектілердің қызметін реттеудің негізгі қағидаттарын, тәсілдері мен өлшемшарттарын белгілеу, сондай-ақ креативті индустрия қызметінің түрлерін санатқа бөлу үшін әдіснамалық тәсілдерді қалыптастыру ұсынылады», - деді Абзал Әбдікәрімов. Мұнымен қоса, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұсынысы негізінде заң жобасында: - бос лауазымға тікелей тағайындау; - Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «Б» корпусының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу; - Президент актісі деңгейінде мемлекеттік қызметке іріктеу кезеңдері мен тәртібін айқындау; - қызметшілер жұмысының тиімділігін тоқсан немесе ай сайын бағалауды енгізу бойынша бірқатар түзетулер көрсетілген. Бұдан бұрын хабарланғандай, Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.
21 маусым 2022 ж. 427 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930