Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қызмет көрсететін операторлар саны қысқартылады

Қазақстанда қызмет көрсететін операторлар саны қысқартылады

Қазақстанда қызметтің нақты түрін жүзеге асыратын бірегей құқығы бар операторлар саны қысқартылады. Мұндай жаңашылдық Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін реттеу – маңызды қадам. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Бүгінде Кәсіпкерлік кодекс мемлекеттік монополия жүргізудің негізін айқындайды. Сонымен қатар Қазақстанда мемлекеттік монополия құрмай-ақ қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға заңнамалық тұрғыда бірегей құқық беру тәжірибесі қалыптасқан. Іс жүзінде мемлекеттік және жеке оператор деп аталатын балама институт қалыптасқан», - деді заң жобасын Мәжілісте таныстырған ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Ахметов. Оның дерегінше, елімізде 51 оператор анықталған. Олардың 47-сі мемлекеттің қатысуымен құрылған. Ендігі уақытта оларға да мемлекеттік монополиия субъектілеріне қолданылатын құқықтық шектеу режимі қатысты болады. Қазірдің өзінде 9 операторға қатысты түбегейлі шешім қабылданып, 4-еуі жойылды. Ал 5-еуі осы жылыдң ішінде оператор мәртебесінен айырылады. «18 оператор реттеуді талап етпейді. Өйткені, олар қоғамдық қызметтерді жүзеге асырады және табыс таппайды. Қалған 24 операторға қатаң антимонополиялық реттеуді қамтамасыз ету ұсынылып отыр», - деді Рүстем Ахметов.

16 қыркүйек 2021 ж. 368 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 281

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930