Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылар қыркүйектен бастап жаңа сабақ оқиды

Оқушылар қыркүйектен бастап жаңа сабақ оқиды

Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курсты оқи бастайды. Бұл туралы БҒМ аппарат жиналысында Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева мәлімдеді.

«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы 5-11 сынып оқушыларына арналған. Оның мақсаты – баланың талдау қабілеті мен шеберлігін дамыту. Бүгінгі күні бұл жаңа жоба өңірлік әдістемелік орталықтарға танысу үшін жіберілді. Сол сияқты жаңа курсқа қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, - деп айтты Мәдина Тыныбаева.
Оның айтуына қарағанда, мектеп оқушыларына арналған жаңа курс 2022-2023 оқу жылында қолданысқа енгізілгелі отыр.

«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы 5-9 сыныптарда мынадай салаларды қамтиды:
- «Парасаттылық және әдеп»
- «Экология мәдениеті»
- «Азаматтық және патриотизм»
- «Өмір қауіпсіздігінің негіздері»
- «Медиа және қаржылық сауаттылық».

#оқушылар #сабақ #жаңа
07 маусым 2022 ж. 1 001 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930