Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыркүйектен бастап оқушылар қашықтықтан оқиды

Қыркүйектен бастап оқушылар қашықтықтан оқиды

Оқушылар мен студенттер қыркүйектен бастап қашықтықтан оқиды. Мұны ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің Facebook-парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.
- Күз айларында ОРВИ инфекциясы тарайтынын білеміз. Біз үшін оқушылар мен ата-аналардың, мұғалімдердің қауіпсіздігі басты орында. Сондықтан 1 қыркүйектен бастап еліміздегі мектептердің барлығы қашықтықтан оқыту форматымен оқитын болады, - деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің айтуынша, қашықтықтан оқытудың күрделі мәселе екені рас. Оның ішінде алыс, шалғай ауылдардағы ғаламтордың жоқтығы сынды мәселелер бар. 
- Осы орайда екі нәрсені айта кеткім келеді. Біріншіден, шалғайда орналасқан, қауіп жоқ ауылдардағы шағын кешенді мектептің оқушылары штаттық режімде оқиды. Екіншіден, егер ата-аналардың өтініштері болса, онда бастауыш сыныптың оқушыларына арнайы уақытша сыныптарды ұйымдастырып беруге дайынбыз, - дейді министр.
Мұндай сыныптары санитарлық талаптарға сай болады. Мәселен, оқушының қызуы өлшенеді, залалсыздандырылады. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін бір сыныпта 10-15-тен бала отырғызылмақ. Мектеп ауысымы мәселесі де қарастырылады.
- Ал колледж бен университет студенттері қашықтықтан оқиды, - деп кесіп айтты білім беру басшысы.
massaget.kz
17 шілде 2020 ж. 945 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031