Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенттегі келелі істер

Кенттегі келелі істер

Өткен карантиндік жүйеге сәйкес кейбір шаруаның тоқтағанына қарамастан, бөлісер жаңалығымыз көп-ақ. Кенттегі келелі істердің жүргізілу барысын бағамдамаққа кент әкімдігіне бас сұқтық. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды саралаған Қайрақбай Орынбасаров алдағы жоспармен де бөлісе кетті.
– Кент ішінде жылдан жылға жүйелі жұмыстар жалғасын тауып келеді. Биылдың өзінде біршама істің нүктесі қойылды. Бөлінген қаражат тиісті орнына жұмсалды. Ең бірінші абаттандыру жұмыстарынан бастағанымыз жөн болар. Мәселен, Әйтеке би кенті бойынша орналасқан ойын-алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлінген 9 миллион 300 мың теңге қаражатқа газон төселіп, қоршаулар ауыстырылды. Сондай-ақ демалыс алаңдарына берілген сегіз миллионға жуық қаржыға жарықшамдарды сырлау, орындықтарды ауыстыру және су бұрқақтарын жөндеу жүргізілді. Оған қоса орталық көшелердегі бағдаршамдарды қайта қалпына келтіру үшін 4 миллиондай теңгеге жөндеу жүрді. Мердігер мекеме «Тұлпар-Логистик» ЖШС. Сонымен қатар 5 кварталдағы «Жастар» көшесін жарықтандыруға тиісті қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу процесі рәсімделуде, – дейді Әйтеке би кенті әкімі.
Өткен жылы кенттегі біршама тұрғын үйлер абаттандыруға сұранып тұрған. Мұны тұрғындарда талай мәрте қозғады. Ақырында көп тілегі қабыл болып, жүйелі жұмыс жалғасын тапты. Атап айтсақ, Т.Айбергенов көшесіндегі екі қабатты №4, №10 тұрғын үйлердің ауласын абаттандыруға 9 миллионға жуық қаржы бөлінді. Яғни, оған екі дана әжетхана, 2 кәріз суларын төгетін септик және екі дана қоқыс тастайын жәшіктер қойылды. Сол секілді орталық Желтоқсан көшесіндегі екі қабатты №62 тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға бөлінген 3 миллион 430 мың теңгеге төрт ұяшықты бір дана әжетхана, екі кәріз суларын төгетін септик және 2 дана қоқыс тастайын жәшіктер қойылды. Уақытында тұрғындарға пайдалануға берген жауапты мекеме «Сарым-Құрылыс» серіктестігі болатын.
Соңғы уақытта жолдарды жөндеу жұмыстары көңіл қуантады. «Нұрас и К» ЖШС Абай тұйығы көшесін орташа жөндеуден өткізіп берді. Бөлінген қаражат 4 миллион 368 мың теңгені құрайды.
Аудандағы халықтың басым көпшілігі кент ішіндегі жолдардың шұрық-тесік екенін екі сөзінің біріне қосып отыратын. Дегенмен бұл түйткілдің де түйіні тарқатылды. Құны 8 миллионнан асатын қаржыға «Қазалы-Жолаушы» серіктестігі кенттің ішкі көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасады.
Елдегі соңғы жағдайларға қарамастан кенттегі аяқсу мәселесі шешім тауып келеді. Нақтыласақ, бүгінде 5 насос арқылы кент көшелеріне аяқсу тұрақты жіберіліп тұр. Бұл жұмыс 11 сәуір күні басталып кетті. Оған қоса Қазалы теміржол вокзалы аумағындағы Әйтеке би ескерткіші саябағына 4 жерден ұңғыма қазылып, жер асты суын 4 электр насосы арқылы аяқсу ретінде пайдалынылып отыр. Сондай-ақ 5-кварталдағы Жетес би алаңына да бір жерден ұңғыма қазылып, насос арқылы аяқсу алынып отыр. Біле жүріңіз, мұның барлығы кәсіпкер азаматтардың көрсеткен демеушілігі есебінен жүргізіледі.

Саябақтар мен скверлерге гүл егу жұмыстарына тиісті қаржы бөлініп, Рәміздер алаңы, Жеңіс паркі, Әйтеке би ескерткіші аумақтарына 2200 дана гүл көшеттері егілген. Бұдан бөлек орталық және шет көшелердегі автомобиль жолдарына жол жолақтарын сызу мақсаты да орындалған. Ал бильбордтар мен паноларды ауыстыруға екі миллионға жуық қаржыға бөлініп, барлығы қайта ауыстырылды.
Айтпақшы, биылғы жылдың санитарлық тазалығына 45 миллион 39 мың теңге қаралған. Мердігер мекеме «Авто-Тех Оқу орталығы» ЖШС.
– Осы ретте алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталып өткен жөн. Мәселен, облыстық бюджет қаржысы есебінен Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр, Қ.Қартақов, И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, Бейбітшілік, Қ.Ибрагимов, Біржан сал көшелерін орташа жөндеуге 33 миллион 826 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Сонымен қатар аудандық бюджет қаржысы есебінен Ә.Тыныбаев орамының автожолын орташа жөндеуге 7 миллион 689 мың теңге, қалдық су төгетін сүзгі алаңына баратын жолды жөндеуге 10 миллион 081 мың теңге, 2 кварталдағы көшені орташа жөндеуге 2 миллионнан астам қаржы және Қ.Сәтбаев көшесіне жаяу жүргінші жолын салуға 4 миллион 681 мың теңге қаралды. Қазіргі таңда сатып алу конкурстары өтіп жатыр.
Сонымен қатар Т.Бөріқұлақов көшесіндегі «Үш таға» белгісін сырлау және жөндеуге 932 мың теңге берілсе, кент ішіндегі аяқсу құбырларын ағымдағы жөндеуге 1 миллион 328 мың теңге қаралды. Ал №249 мектеп-лицей жанындағы ашық жер алаңдарын биіктетіп және тегістеу жұмыстарына бір миллионға жуық ақша жұмсалады. Кент көшелеріндегі 100 дана сырға типтес кронштейндерді жаңалауға 3 дана аркаларды ауыстыруға, 1200 дана Эрдиви трубкаларын орнатуға 16 миллион, Р.Сабырбаев, Т.Бокин, Қорқыт ата, М.Дулатов, Р.Бағланова көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салуға 24 миллион теңге қаражат берілді.
Бұдан бөлек В.Счастнов, Желтоқсан көшесіндегі көп-пәтерлі және 5 қабатты тұрғын үйлердің ауласына жаяу жүргінші жолын салуға 10 миллион теңге үйлестірілді. Тұрғындардың да ұсыныс-пікірін жерде қалдырмай 5 кварталдағы футбол алаңын орналастыруға 8 миллион 434 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда осы жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары рәсімделуде, – деген міндеттермен де бөлісті Қайрақбай Орынбасаров.
Несін жасырайық, Әйтеке би кенті күннен-күнге көркейіп, әрі қауіпсіз бола түсуде. Жыл өткен сайын жаңарып келеді. Басшы сөзіне сенсек, ел игілігіне арналған мұндай бастамалар әлі де жалғасын табады.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
07 маусым 2022 ж. 349 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031