Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Онлайн сауда пошта қызметін қалай өзгертті?

Онлайн сауда пошта қызметін қалай өзгертті?

Фото: pixabay.com
Қазіргі уақытта қазақстандықтар дәстүрлі хат жазудан гөрі сәлемдеме жіберу және қабылдау қызметін жиі пайдаланады. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ Алматы филиалы директорының бизнес жөніндегі орынбасары Бексұлтан Ағаділов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.  
Оның айтуынша, бүгінде пошта қызметтерінің барлық түрі қолжетімді болғанымен, негізгі үлесті сәлемдеме жөнелту қызметі құрап отыр.
Адамдар әлі де хат жазып, жіберіп жатады. Бірақ мұндай қызмет өте сирек әрі аз көлемде пайдаланылады. Жазбаша хат-хабар алмасуды көбіне мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар жүзеге асырады, – деді ол.
Сондай-ақ Бексұлтан Ағаділов Қазақстанға шетелден келетін пошта жөнелтілімдеріне қатысты да түсініктеме берді.
Оның сөзінше, Дүниежүзілік пошта одағына мүше елдердің барлығымен пошта байланысы жолға қойылған. Сондықтан Қазақстанға түрлі мемлекеттерден хаттар да, сәлемдемелер де тұрақты түрде келіп түседі.
Бұл бағытта қандай да бір шектеулер жоқ. Дүниежүзілік пошта ұйымына мүше барлық елдерден жазбаша хат-хабар да, пошта жөнелтілімдері де қабылданады, – деді «Қазпошта» өкілі.
08 қазан 2026 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031