Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кездесуде көтерілген мәселе көп

Кездесуде көтерілген мәселе көп

45 мыңнан астам халық тұратын Әйтеке би кентінің шаруасы шаш-етектен. Көшенің жолдарынан бастап, жарықтандыру, көркейту-көгалдандыру, аяқсу мәселелері де күн тәртібінде тұр. Жалпы жыл сайын жүйелі жұмыстар жасалынып келеді. Десе де тұрғындар көкейінде де көп сұрақ бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ендігі кезекте осы сұрақтарға жергілікті атқарушы орындар тиісті жауап беру үшін халықпен тоқсан сайын кездесетін болды. Олардың талап-тілегіне, ұсыныс-пікіріне құлақ түріп, қордаланған мәселелерді шешу – басты міндет.
Осы орайда өткен жұмада Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров пен аудандық мәслихат депутаттары кент тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Қ.Жақсыбайұлы:
– Әйтеке би кентінің 1 тоқсандағы бюджеті 490 млн, 31 мың теңге болып қалыптасты. Бұның ішінде жергілікті салықтарымыздан 48 млн, 84 мың теңге түсті. Яғни бюджет бойынша бекітілген жоспарымыз өз деңгейінде атқарылуда.
Жалпы, кент бойынша 3346 кәсіпкерлік субьектісі есепке алынған. Оның ішінде 3 айдың болжамын алсақ, жаңадан 79 кәсіпкер тіркеліп отыр. 18 кәсіпкеріміз 77 млн, 400 мың теңге көлемінде несие қаражатын алды. Одан бөлек, құны 300 млн теңге көлеміндегі 62 кәсіпкерлік жобамыз облыстағы Микро-қаржы ұйымында қаралып жатыр. Яғни осы кәсіпкерлер 200-ге тарта жұмыссыз азаматтарымызды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр, – деді.
Мұнан соң Әйтеке би кентінің әкімі биылғы жыл жоспарында тұрған мәселелерге тоқталды.
Қ.Жақсыбайұлының айтуынша, биыл Төлеген Айбергенов көшесіндегі 2 қабатты №4, №10 тұрғын үйлердің ауласына абаттандыру үшін 8 млн, 790 мың теңге бөлінген. Сондай-ақ Желтоқсан көшесіндегі 2 қабатты №62 тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға 3 млн, 430 мың теңге қаралған. Мұнымен қатар Кент бойынша орналасқан ойын-алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуе 9 млн, 720 мың теңге, демалыс алаңдарын жөндеуге 8 млн теңге бөлініпті. Жалпы бұл жұмыстарды жүргізуді «Сарым-Құрылыс» ЖШС жауапкершілігіне алған.

Тағы бір айта кететін жайт, жыл көлемінде кенттегі көше жарықтарын күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 11 миллион теңге қаржы қаралған.
Жалпы кент әкімі бұл жұмыстармен қатар бағдаршамдарды күтіп ұстауға, 5 кварталдағы «Жастар» көшесін жарықтандыру жұмыстарына, Абай тұйығы көшесін орташа жөндеуден өткізуге, жыл көлемінде жолдарды күтіп ұстауға арнайы қаржы қаралғанын айтты.
Бүгінде Қазалы ауданының орталығы болып табылатын Әйтеке би кентінде атқарылған жұмыстар бұнымен тоқталмақ емес. Кент әкімі бұл бағыттағы жұмыстармен қатар қазіргі таңға дейін тұрғындардан 27 ұсыныс келіп түскенін баяндады.
Келесі кезекте кездесу барысында халықтың ашық пікірлері тыңдалды.
Тұрғындар арасында К.Көпжасар, Ж.Көрпебаев, А.Дінахмет, М.Құрманова, Р.Қартабаева, К.Мусаева көше жарықтарына, бағдаршамдарына, бейнекамераларға, жол жөндеу, жарықтандыру, ит ату мәселелеріне орай сұрақтарды қойып, тиісті жауаптарын алды.
Соның ішінде зейнеткер К.Көпжасардың бейнекамераларға қатысты қойған сұрағына, кент әкімі көшелердегі бейнекамералар тарапынан жол көлік оқиғаларын қадағалау жұмыстарының жүргізіліп жатқандығы және бірқатар көлік иелеріне әкімшілік айыппұлдардың салынғандығын атап өтті.
В.Счастнов көшесінің тұрғыны Ж.Көрпебаевтың В.Счастнов көшесімен көліктердің қатты жүретіндігі, әсіресе мектеп оқушылары үшін қауіпті болғандығы туралы сұрағына, Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкер Ғ.Аманов қадағалау болатындығы туралы айтып өтті.
Жалпы кент әкімі Қ.Орынбасаров кездесуді қорыта келе, жиында түскен әрбір сұрақтар назарға алынып, соған сәйкес жұмыстардың кезеңімен жүргізілетіндігін айтты.

Серік АҚМЫРЗА
19 сәуір 2022 ж. 474 0

Ғайып болған елес ауыл

14 мамыр 2024 ж. 94

Қамыс басындағы қыз

14 мамыр 2024 ж. 79

Қарақұмға қой көшкенде

14 мамыр 2024 ж. 68

Аналар ардақталған күн

14 мамыр 2024 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031