Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертегімен есейер ел ертеңі

Ертегімен есейер ел ертеңі

Ертегі – бала тәрбиесінің ұлттық негізі саналады. Бала дүнетанымын қалыптастыруда жас­тайынан бойына сіңіріп, оны өскелең ұрпаққа насихаттау маңызды. Осы орайда дүйсенбі күні Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің демеушілігімен және  Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Роза Бағланова атындағы мәдениет үйінде «Ертегілер әлемінде» атты байқау өтті.
Сайысты аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Назарова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Ең алдымен келіп жеткен 1-маусым Халықаралық балалар күнімен барлық балақайларды құттықтаймын. Бүгінгі байқау да осы мерекеге орайлас өткізіліп отыр. Бәріміз білеміз, ертегі – ауыз әдебиетінің асыл мұрасы. Оның бала тәрбиесінде алар орны айтпаса да белгілі. Баланың танымдық қасиетінің жан-жақты жетілуіне, сөздік қорын байытып, тілін дамытуда маңызды рөл атқарады. Сондықтан да «Ертегі ел ертеңін қалыптастырады» деген ниетпен осы байқауды ұйымдастырып отырмыз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді Индира Әбілқасымқызы.
Мереке қарсаңында балаларға ерекше көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары қатысып, өзара бақ сынады. Екі кезеңнен тұратын байқауға Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы КММ-нің Қазалы ауданы бойынша маманы Жұбатқан Таңжанов, №1 Жылжымалы мәдени демалыс кешенінің меңгерушісі Индира Рсалиева, Қазалы аудандық тарихи өлкетану музейінің қызметкері Жанат Тілеуқабыл, аудандық оқушылар үйінің суретшісі Ғалым Қабылов қазылық етті.
Бірінші кезеңде қазылар алқасы қатысушылардың ертегілерді сахналаудағы шығармашылық қабілетіне, қойылымның мазмұнына, музыкалық көркемделуіне, кейіпкерлердің шеберлігіне, сахналық мәдениетіне, қойылымға қажетті реквизиттер мен сахналық киімдердің үйлесімділігіне баса назар аударды. Ал екінші кезеңде асфальт бетіне еркін тақырыпта түрлі-түсті борлармен салынған суреттердің мазмұны мен көркемділігі бойынша бағалап, жеңімпаздарды анықтады.
Аталмыш шара барысында ертегілер үш тілде сахналанды. Нәтижесінде ерекше дайындықпен келіп, өздерінің ойдан құрастырған ертегісін көрермен назарына ұсынып, ерекше ықыласқа бөленген №266 мектеп-лицейдің оқушыларынан құралған «Жұлдыздар» қуыршақ театрының «Батырдың сезімі» ертегісі бас жүлдеге ие болды. Ал бірінші орынды Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің 1-сыныптың оқушыларының «Шалқан» орыс ертегісі иеленсе, екінші орын «Мешок яблок» ертегісін сахналаған Б.Кеулімжаев атындағы №226 мектеп-гимназиясына бұйырды.
Үшінші орынды «Шалқан», «Теремок» орыс халық ертегілерін сахналаған №70, 165 орта мектептері өзара бөлісті. Ал қалған қатысушылар «Талантты», «Ізденімпаз» топ номинацияларын місе тұтты.
Байқауға қатысқан барлық топтар мен оқушыларды дайындаған жетекшілерге және білім беру ұйымдарының басшылығына «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» арнайы алғыс хаттары мен сыйлықтары табысталды.

Арайлым ЖҮСІПОВА
31 мамыр 2022 ж. 459 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031