Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнет жасы ұлғаяды

Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнет жасы ұлғаяды

Қазақстанда әскери қызметшілердің зейнет жасы ұлғаяды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Зейнетақы орталығының басшысы Қайыржан Бимолдин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Үкімет бекіткен ең басты норма - барлық әскери қызметшілер мемлекеттік бюджет арқылы зейнетақы тағайындау жүйесіне көшті. Бұрын 2016 жылға дейін жинақтау жүйесінде болғанбыз. Бұл - өте жақсы жетістік деп ойлаймын. Зейнет жасы бойынша ұзарту «Әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңда қарастырылған. Биыл ол заңға өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, әскери қызметшінің жасын 5 жылға дейін созуға болады", - деді Қайыржан Бимолдин.

Сондай-ақ, ол әскери қызметшілердің зейнетақысы қалай есептелетінін түсіндіріп өтті.
"Зейнетақы мөлшері әскери қызметшінің еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нақты айтсақ, егер 25 жыл еңбек өтілі болса, әскери қызметшіге 50 пайыз зейнетақы тағайындалады. Ал 25-тен астам әр жылға 2 пайыздан қосылып отырады. Мысалы, 30 жыл еңбек өтілі бар әскери қызметшіге өзінің алып отырған жалақысының 60 пайыз зейнетақы тағайындалады", - деді ол.
Бимолдин зейнетақыны көтеру "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңның 4-бабының 4-тармағында да қарастырылғанын, өсудің нормаларын немесе пайызын қаржы жылына арналған республикалық бюджет бекітетінін айтты.
30 мамыр 2022 ж. 715 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 147

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 131

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 141

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30