Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көпбалалы аналар мен ардагерлерге жеңілдік беріледі

Қазақстанда көпбалалы аналар мен ардагерлерге жеңілдік беріледі

Мәжіліс көлік мәселелері бойынша кейбір нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта көпбалалы аналар мен ардагерлерге бірқатар жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Заң жобасына халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге мүмкіндік беретін нормалар енгізіліп отыр. Мәселен, олар әлеуметтік маңызы бар, сондай-ақ қалалық (ауылдық) және қала маңына қатынайтын тұрақты автокөлік бағдарларында тегін жүре алады.

Олар:

"Алтын алқа", "Күміс алқамен" наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, бірінші және екінші дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

I топтағы мүгедектер;

Ал 15 жастан 18 жасқа дейінгі жастар билет бағасының жартысын төлейді.

Депутат Альберт Раудың айтуынша, ардагерлерге де жеңілдік беріледі. Олардың атына тіркелген көліктерге ақылы жолдармен тегін жүруге рұқсат беріледі. Күш құрылымдарының қызметкерлері де ақысыз жүре алады.

"Өкінішке қарай, ардагерлеріміз аз қалды. Біз оларға теңестірілген азаматтарды да қарстырып жатырмыз. Қазіргі кезде есеп-қисап жасау керек. Екінші оқылымға дейін шешім шығарылады", - дейді Рау.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 65 022 "Алтын алқа", 137 675 "Күміс алқа" иегері тұрады, 15 669 адам "Батыр ана" атанған, І және ІІ екінші дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталғандар – 12 260, І топтағы мүгедектер – 69 444, ал 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың саны – 724 178.
25 мамыр 2022 ж. 630 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 142

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 134

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930