Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық көлікте жеңілдік картасын кімдер ала алады

Қоғамдық көлікте жеңілдік картасын кімдер ала алады

Астанада өз атына жазылған өткен жылғы көліктік карталарды беруді бастады. Қазіргі таңда оны 73 мың адам пайдалануда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Өз атына жазылған жеңілдік картасын Астана бойынша МЗТО есебінде тұратын және келесі санатқа жататын азаматтар алады:
1) қызмет өткерген жылдары үшін зейнеткерлер және де зейнет жасына жеткен, асыраушысынан айрылған жағдайда және жасы жеткені бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;
2) көпбалалы аналар;
3) көпбалалы отбасылар;
4) мүгедектер;
5) 18 жасқа дейінгі мүгедек-балалар; оның ішінде ата-анасының бірі (заңды өкілі)
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және соған теңестірілген тұлғалар.
Жеңілдік картасын қалай алады
Жеңілдік көлік картасы астаналық МЗТО есебінде тұрған азаматтарға ғана беріледі.
ВӘТЕО базасындағы өзің туралы мәліметті тексеру үшін 109 номері бойынша байланыс орталығына өзіңіздің ЖСН-ді операторға айтуыңыз қажет.
Егер сіз туралы мәлімет базада бар болса, сіз картаны алудың екі тәсіліне өтініш бере аласыз.
1 нұсқа
www.alrt.kz немесе www.transcard.kz сайтына онлайн-тапсырыс қалдырыңыз.
5 жұмыс күні ішінде сізге электронды поштаңызға өтініштің статусы туралы жауап хат келеді.
Дайын болған жеңілдік көлік картасын алу үшін Орталық кассаға баруыңыз керек.
2 нұсқа
Орталық кассаға барыңыз және сауалнаманы толтырыңыз.
Өзіңізбен бірге төлқұжаттың түпнұсқасын және зейнетақы құжатын ала баруыңыз қажет.
Орталық кассаның мекен-жайы: Қажымұқан к, 14. Кассаның жұмыс уақыты: ДС-ЖМ сағат 9.00-ден 18.00-дейін үзіліссіз.
Жеңілдік картасын қалай пайдаланады
Қалалық және экспресс маршрутта жүру үшін жеңілдік көлік картасын толтыру қажет емес және жүрудің санына шектеу қойылмаған. Жеңілдік санатына жататын азаматтар жолақыны төлемесе де және картада ақша болмаса да олар автобустың салонына кірген кезде валидация жасауы қажет.
Міндетті тіркеу мыналар үшін қажет:
А) Субсидияны дұрыс есептеу үшін. Тасымалдаушылардың (автопарктер) жеңілдік санатындағы азаматтарды тасымалдауға кететін шығынының жартысын қала әкімдігі төлейді. ЭЖТЖ жүйесі және валидатордың арқасында тасымалдаушылардың немесе басқа автопарктердің қанша жолаушы тасымалдағаны туралы нақты есебі қолжетімді болады. Осы жолаушылардың нақты санына қарап есептеп, әкімдік автопарктерге қаржы аударады.
Б) Міндетті валидация жолаушылар ағынына нақты талдау жасауға көмектеседі. Осы талдаудың негізінде маршруттық желі жақсара түседі: сұранысы көп маршруттардың жүктемесін жеңілдетуге бағытталған жаңа маршруттар өзгеріп, қосылады, жұмыс жүргізіледі.
08 қыркүйек 2018 ж. 1 741 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930