Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан тартуы

Түркістан тартуы

Жуырда түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласында  “Қайырымдылық керуені” атты республикалық конкурс өтті. Жыл сайынғы ұйымдастырылатын ауқымды шара соңғы жылдары пандемияның салдарынан тоқтап қалған. Алайда биыл қайта жалғасын тауып отыр. Аталған конкурста “Сыр медиа” ЖШС-не қарасты аудандық “Қазалы” газеті “Қайырымдылық тарихы” номинациясымен лауреат атанды.
Бұл аудандық газет тарихындағы алғашқы марапат. Аталмыш премия аудан, облыс көлеміндегі қайырымдылық жасап жүрген азаматтарды, қамқор жандарды, короновирус індеті уақытында ерекше халыққа қамқорлық танытқандарды, ауданның барлық игі шараларын насихаттауға қосқан үлесі үшін берілді.
“Газет жұмысы бір күндік, сөзі мың күндік” демекші, бұл зиялы қауымның жылдар бойы еткен еңбегі, төккен тері ақталды деген сөз.

Сонымен қатар бұл Қазалы ауданының айнасы саналатын “Қазалы” газетінің ғана емес, жүрегінен жыр, көңілінен нұр кетпеген барша қазалылықтардың ортақ жеңісі десек артық болмас.

Қазақстан бойынша 1000-ға жуық өтінімнің ішінен Қазалы ауданының таңдап алынуы ерекше құбылыс десек қателеспейміз. Ұжымды жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!

                                          "ҚАЗАЛЫ" ақпарат
21 мамыр 2022 ж. 642 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 46

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 46

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 49

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 51

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031