Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер бір күндік жалақыларын аударады

Мемлекеттік қызметшілер бір күндік жалақыларын аударады

Қазалы ауданының мемлекеттік қызметшілері бір күндік жалақыларын Түркістан облысындағы Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде аударады. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімдігінде арнайы өткен отырыста белгілі болды.
Басқосуда аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов Арыста орын алған төтенше жағдай ешкімді бей-жай қалдырмайтынын жеткізді.
– Қиын кезеңде отандастарымызға қолдау көрсету – әрбір қазақстандықтың парызы. Еліміз үшін күрделі осы кезеңде баршаңызды бірлесуге және қолдан келгенше көмектесуге шақырамыз, – деді Әлімжан Мұратбайұлы.
Отырысқа қатысушылар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков, Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрғиса Жалғасбаев және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлыбек Есбосынов қиын сәтте қайырымдылық көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға дайын екендіктерін жеткізді.
Сонымен қатар ауданда әскери қоймадағы жарылыс кезінде зардап шеккен Арыстың тұрғындарына көмек қабылдау пункті ашылды. Мұқтаж жандарға қажетті заттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі №50, Әйтеке би кенттік клубының ғимараты.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
26 маусым 2019 ж. 1 656 0

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 31

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 33

Ұлттық дәмді дәріптеген

23 наурыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031