Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ұлттық қор — балаларға» өскелең ұрпақтың қауіпсіз болашағына қосылып жатқан баға жетпес үлес - Президент

«Ұлттық қор — балаларға» өскелең ұрпақтың қауіпсіз болашағына қосылып жатқан баға жетпес үлес - Президент

«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллионнан астам баланың жеке есепшотына 2,5 миллиард доллар аударылды. Бұл туралы III Стратегиялық серіктестер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Ұлттық қор қаражаты
Коллаж: Kazinform; Freepik
- Халықаралық валюта қоры ұсынған болжамға сәйкес, биыл еліміздің жалпы ішкі өнімі 398 миллиард доллар болады. Ал осыдан жеті жыл бұрын бұл көрсеткіш 181 миллиард доллардың шамасында болды. 2019 жылдан бері экономикамызға 155 миллиард доллар шетел инвестициясы тартылды. Еліміздің сыртқы сауда көлемі 150 миллиард долларға жуықтады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының дерегінше, еліміздің Алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 44 пайызға ұлғайып, 129 миллиард доллардан асты. «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында 7 миллионнан астам баланың жеке есепшотына 2,5 миллиард доллар аударылды.
- Бұл — қазіргі буын өкілдерінің өскелең ұрпақтың қауіпсіз болашағына қосып жатқан баға жетпес үлесі десек, шындық боларына күмән жоқ. Қазақстанда ақысыз медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі нақты бекітілген. Соған сәйкес азаматтарымызға 1 000-нан астам медициналық қызмет көрсетілді. Елімізде әлеуметтік жағынан осал топтағы адамдарға берілетін жәрдемақының 39 түрі бар, - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәліметінше, соңғы 7 жылда елімізде 625 орта және ірі өндіріс орны ашылды. 3 миллион 600 мың адам жұмыспен қамтылды. 118 миллион шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. 36 мың шақырым автокөлік жолы және 5 мың шақырым теміржол салынып, жөнделді.


19 қараша 2026 ж. 12 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30