Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылымды қаржыландыру көлемі айтарлықтай ұлғайып, 590 миллион долларға жетті
Ғылымды қаржыландыру көлемі айтарлықтай ұлғайып, 590 миллион долларға жетті. Бұл туралы III Стратегиялық серіктестер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

- Білімге негізделген экономика құру азаматтарымыздың ұзақмерзімді конституциялық міндетіне айналды. Қазіргі және одан кейінгі үкіметтер оны тиісті деңгейде орындауға тиіс. Бүгінде Қазақстанда 132 университет бар. Онда 800 мыңнан астам студент білім алады, - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, соңғы жеті жылда Үкімет білім беру гранттарына бөлген қаржының көлемі екі есе көбейіп, 3,4 миллиард долларға жетті.
- Сондай-ақ ұдайы артып келе жатқан сұранысты өтеу үшін елімізде 281 студент жатақханасы бой көтерді. Бұл шаруа алдағы уақытта да жалғасады. Бұдан бөлек, соңғы жылдары еліміздегі ғылымды қаржыландыру көлемі айтарлықтай ұлғайып, 590 миллион долларға жетті, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан адам капиталына басымдық беріп, нақты стратегиялық таңдауын жасады. Бұл туралы III Стратегиялық серіктестер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.











