Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұланға қанат бітірген, Ұстаздар лайық алғысқа

Ұланға қанат бітірген, Ұстаздар лайық алғысқа

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Қарулы күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойылып, маңызды мерекелер қатарын толықтырғаны белгілі. Алайда Отан қорғаушылар күні елдіктің айғағы, тәуелсіздіктің тірегі ретінде басқалардан бәсі биік екені даусыз. Содан бері азат Қазақстанның әскер қатарына ынта-ықыласымен қосылғандар саны артты. Олардың арасында Қазалыдағы мектеп қабырғасында шәкірт тәрбиелеп жүрген кешегі жауынгер-сарбаз, бүгінгі елдің жанашыр ұстаздары да болды.
Жігіт деген атқа лайық сол жақсылар елдің тыныштығы үшін ұрпақты отансүйгіштікке, жау мен дауға жігер таныта алатындай етіп тәрбиелеуде. Кеше мереке қар­саңында Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов саланың ардақты ағалары мен жайсаң жігіттерін жинап, құрмет көрсетті.
– Құрметті жиынға қатысушы ұстаздар, білім саласының қызмет­керлері! Қазіргі күні ауданда 3 мыңға жуық ұстаз тұлға тәрбеиелеп, азамат ретінде қалыптастыруға күш салып келеді. Бұдан бөлек ортақ істің абыройлы атқарылуына үлес қосып жүрген азаматтарымыз жетерлік. Осы сәтті пайдалана отырып, елдің айбарына баланатын сіздерді, сіздер арқылы барша білім саласының жігіттер қауымын Отан қорғаушылар күнімен құтықтаймын! Жас өскіндердің бойында ерлерге сай мінез қалыптастыруда, қазақы құндылықпен сусындатуда аянбай тер төгіп жүрген еңбектеріңіз елеусіз қалмайды. Осы жолдан жаңылмай, елдің іргесін берік, аспанын ашық ұстауға қауқарлы ұрпақ тәрбиелей беретіндеріңізге сенемін, – деді ауданның бас ұстазы.
Бұдан кейін бірқатар азамат абырой биігіне көтеріліп, алғысқа бөленді. Жүздеген қызметкері бар ұжымды ауызбіршілікке ұйытып, жөнді бағыт сілтеу – мектеп басшыларына тап­сырылған жауапты іс. Ата-ана мен елдің сенім үдесінен шығып жүрген директорлардың есімі алдымен аталып, төрге озды. Бұдан соң жеткіншектерге әскери тәртіптің әліппесін үйрететін алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшілерін Ә.Оңдасынұлы кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбіш Раманмен бірге жекелей құттықтады. Мерейлі, толқыныс тербеген сәтте кейбір ұстаздың: «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» деген жалынды ұраны жиынға қатысушылардың риза қошеметіне бөленді. Ізін ала ұзақ жылдар бойы бір мектеп қабырғасында орнын суытпай, ісіне шынайы берілген ондаған ұстаз да Алғыс арқалады.
Аздаған үзілістен кейін көпшілік назары мерейтойға байланыс­ты құт­тықтауға ауды. Әділхан Оңдасынұлы №234 мектеп шә­кірт­терінің ойын ұшқырлыққа жаттық­тырып, бала тәрбиесіне жанын салған математика пәнінің мұғалімі Марат Құдайбергенді 60 жасқа жеткен шуақты мерекесімен құттықтай келе: «Сүйікті ісіне жан-тәнімен берілген ұстаздың есімі көптің алдында жиі аталып тұруы ләзім. Осы күнге дейін талай талант баптап, додалардан топ жарған ағамыздың еңбек жолы бәрімізге, ұстаздар қауымына үлгі. Ғұмыр жасыңыз ұзақ болғай», – деген лебізін ақтарды. Арқасына шапан жауып, сый-сияпат табыстады. Сондай-ақ дәл осындай қуаныш иесі №190 мектептің қызметкері Әзілхан Серікбаевтың денсаулығына байланысты жиынға қатыса алмағанына өкініш білдіріп, жеке қабылдайтынын тілге тиек етті.
Мерекелік көңіл-күйге бөленген марапат иелеріне дайындалған тосынсый мұнымен толастаған жоқ. Жерлес композитор Кемеңгер Өтеповтің «Қазақстаным» атты туындысын әнші Ғалия Нұрсейтова әуелете шырқады. Көпшілік Анар Әділованың орындауындағы «Тәуел­сіздік таңы» әнін де жылы қабылдады. Ал сала­ның нәзік жандылары атынан сөз алған №204 мектептің директоры Ләззат Ізбасқан құттықтауын аңыз-әпсанамен әрлеп, ер азаматтардың беделін көтеріп тастады.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
12 мамыр 2022 ж. 503 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031