Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2027 жылғы Жаңа жылда қандай сыйлықтарды беруге болмайды

2027 жылғы Жаңа жылда қандай сыйлықтарды беруге болмайды

Сурет: pixabay
Келе жатқан 2027 жыл Қызыл Отты Ешкінің белгісімен өтеді. Халықтық наным-сенімдерге сәйкес, Ешкі үйдегі жайлылықты, әдемі заттарды және тыныштықты жақсы көреді. Мерекелік сыйлықтарға қатысты кейбір тыйымдар да осы қасиеттерімен түсіндіріледі. Ал енді бірі ырым-тыйымдарға байланысты.
Ешкі терісінен және қой терісінен жасалған бұйымдар
Былғары қолғап, тон немесе орындыққа арналған тері төсенішін сәтсіз сыйлық деп санауға болады. Өйткені жыл иесін өз тұқымдастарына қатысты осындай бұйымдармен қарсы алу әдепсіздік саналады. Бұл тізімге қой терісінен жасалған заттар да кіреді.
Ал жүннен тоқылған бұйымдарды, мысалы, жемпір, қолғап немесе тоқылған жылы көрпені сыйлауға болады. Себебі жүн жануарларды қырқу арқылы алынады.
Сонымен қатар қызыл, күрең қызыл немесе терракот түстеріне басымдық берген жөн. Бұл реңктерді мерекелік киім үлгісінде де қолдануға болады, деп жазады Life.ru.
Сапасыз синтетикалық бұйымдар мен бір кешке ғана жарайтын ұсақ-түйектер
Мерекелік ырымдарға сәйкес, Ешкі тез жарамсыз болып қалатын сыйлықтарды ұнатпайды. Оған табиғи материалдар мен сапалы бұйымдар ұнайды деп есептеледі. Сондықтан арзан жасанды тон, қолайсыз матадан тігілген киімдер мен сапасы күмәнді пластик әшекейлерді сыйламаған дұрыс.
Қызыл Отты Ешкінің жылына керамикалық кесе, ағаш қобдиша немесе ашық түсті бөлшектері бар зығыр матадан жасалған тоқыма бұйымдарын таңдауға болады.
Құлақ тұндыратын сыйлықтар
Бір әнді қайта-қайта орындайтын музыкалық ойыншық, қатты дыбыс шығаратын хлопушка немесе дабылы бар оятқыш сағат. Ешкі үркек жануар болғандықтан, оның жылына арналған сыйлықтар тізімінде мұндай шулы заттарды таңдауға кеңес берілмейді. Жыл иесі тынығып, демалуға болатын тыныш үйді жақсы көреді деген түсінік бар.
2027 жылдың от стихиясын үстел шамының жылы жарығымен немесе гирляндамен бейнелеуге болады. Дегенмен адам өзі сұраған болса, дыбыс колонкасын немесе сапалы құлаққапты ырымға бола сыйлықтар тізімінен алып тастаудың қажеті жоқ.
Кәдесый қару-жарақ пен қорқытуға арналған әзілдер
Сәндік қылыш, ойыншық тапанша немесе адамды шошытуға арналған сыйлықтар Ешкінің бейбітсүйгіш бейнесіне үйлеспейді. Мұндай заттар алдағы жылда орын алмауы керек жанжалдар мен шиеленістердің нышаны ретінде қарастырылады. Бұл қатарға сыйлық иесі емес, тек сыйлаушының өзі күлетін орынсыз әзілдер де жатады.
Қорқынышты тосынсыйдың орнына үстел ойынын, сурет салуға арналған жинақты немесе сүйікті өнерпазының концертіне билетті сыйлауға болады.
Пышақ, қайшы және басқа да өткір заттар, сағат
Өткір заттар ұрыс-керіс пен қарым-қатынастың үзілуіне себеп болады деген наным бар. Ал сағатты айырылысуға дейінгі уақытты санайтын сыйлық деп қабылдайды. Мұндай тыйымдар тек Ешкі жылына емес, жалпы сыйлықтарға қатысты қалыптасқан.
Пышақтың орнына бәліш пісіруге арналған қалып, әдемі ыдыс немесе аспаздық шеберлік сабағына жолдама сыйлауға болады.
Ішінде ақшасы жоқ әмиян немесе бос ақша жинағыш
Әмиян – пайдалы сыйлық. Алайда ырым бойынша оны бос күйінде сыйлауға болмайды. Мұндай сыйлық болашақта қаржы тапшылығына әкеледі деп есептеледі. Сондықтан сыйлықты табыстар алдында оның ішіне тиын немесе шағын купюра салады. Ақша жинайтын қобдишаға да осылай ақша салып берген жөн.
Тиындар басқа да жаңа жылдық ырымдарда кездеседі. Мәселен, Ешкі жылында дастарқанның астына береке мен молшылықтың нышаны ретінде басқа заттармен бірге тиын қою ұсынылады.
Қызыл Отты Ешкінің жылына күрең қызыл түсті әмиян немесе көңілді қозы бейнесіндегі керамикалық ақша жинағыш таңдауға болады. Дегенмен түсі мен пішіні – мерекелік безендіру ғана. Ал негізгі ырым сыйлықтың ішіндегі ақшаға қатысты.
Қызыл Отты Ешкінің жылына арналған сыйлық идеялары
Ешкі арзан әрі сапасыз бұйымдарды ғана емес, көзбояушылық үшін берілетін тым қымбат сыйлықтарды да ұнатпайды деген түсінік бар. Сондықтан бағасы қолжетімді, бірақ жылулық сыйлайтын мынадай сыйлықтарды таңдауға болады:
Тоқыма бұйымдары. Ірі өрнекті жылы көрпе, әдемі асүй сүлгілері, жайлы шұлықтар немесе қолғаптар.
Керамика мен ағаш бұйымдары. Жергілікті шеберханада жасалған кесе, ағаштан жасалған турау тақтайы немесе ыстық ыдысқа арналған тұғырлар.
Жеуге болатын сыйлықтар. Сапалы бал, шөп шайының жиынтығы, үйде пісірілген печенье немесе ешкі бейнесіндегі шоколад. Оларды қымбат әрі жылтыр қаптаманың орнына крафт қағазға немесе мата қалтаға салуға болады.
Шығармашылыққа арналған заттар. Әдемі блокнот, түрлі түсті қаламдар жиынтығы немесе күйзелісті азайтуға арналған боямақ.
Бұған дейін қазақстандықтарға Жаңа жыл қарсаңында белсенділігін арттырған алаяқтар туралы ескерту жасалған еді. Олар азаматтарды бағасы екі есе арзан iPhone және қолжетімді сыйлықтар арқылы қызықтырып, алдауға тырысады.
27 қараша 2026 ж. 107 0

Үндеу

27 қараша 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30