Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке қауіпсіздік – басты құндылық

Жеке қауіпсіздік – басты құндылық

Білім ордамызда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жеке қауіпсіздік – басты құндылық» тақырыбында облыстық дебат турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Турнир «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығымен бірлесе өткізілді. Зияткерлік додаға облысымыздың 11 оқу орнынан келген фракциялар қатысып, білім мен біліктілік, шешендік өнер мен ұшқыр ойдың бәсекесіне түсті.
Турнир барысында қатысушылар жеке қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелерін талқылап, өз ұстанымдарын нақты дәлелдер мен дәйектер арқылы қорғады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
І орын – М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Мәншүк» фракциясы.
ІІ орын – Халықаралық «Орда» жоғары колледжінің «Айттым-бітті» фракциясы.
ІІІ орын – Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің «PRIME» фракциясы.
«Үздік спикер» номинациясымен колледжіміздің «Мәншүк» фракциясының спикері Амангелді Әнел марапатталды.
Турнирге қатысқан өзге де фракциялар арнайы номинациялармен марапатталып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті. Бұл дода жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жеке қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарасын дамытуға, сыни ойлау мен шешендік қабілеттерін шыңдауға бағытталған маңызды зияткерлік алаң болды. Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына, әділ төрелік еткен қазылар алқасына, ұйымдастырушыларға және белсенділік танытқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!
27 қараша 2026 ж. 45 0

Үндеу

27 қараша 2026 ж. 45

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30