Құбылмалы болады: 27 қарашаның ауа райы болжамы
Фото: depositphotos.comБүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктер жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман болатынын болжайды. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Ақмола, Абай, Ақтөбе, Атырау, Алматы Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Түркістан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі.
Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.











