Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 27 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

27 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Синоптиктер жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман болатынын болжайды.
Фото: iStock
27 қарашаға арналған ауа райы болжамы: еліміздің оңтүстігінде күн күрт суытады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктер жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман болатынын болжайды. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі.
Астанада құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 0…-2°C болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар жауады. Кей уақытта жауын-шашын қатты болып, тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +5…+7°C болады.
Тұрғындарға ауа райы жағдайын ескеріп, жолға шығарда сақтық шараларын ұстану ұсынылады. Қатты жел, жауын-шашын және көктайғақ кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.
27 қараша 2026 ж. 27 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30