Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әскери нышандар күні алғаш рет аталып өтті

Қазақстанда әскери нышандар күні алғаш рет аталып өтті

Қазақстан Қарулы күштерінде әскери нышандар күні алғаш рет аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
1996 жылғы 18 шілдеде «Қарулы күштердің әскери нышандары туралы» Қазақстан Президентінің Жарлығына қол қойылды. Әскери нышандар – бұл армияның ажырамас бөлігі, атрибуттар. «Қазақстанның әскери нышандарына Қарулы күштердің нышаны (эмблемасы), туы мен жалауы, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің тулары, әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары жатады. Қазақстан Қарулы күштерінің нышаны мемлекеттік тиесілілігін және қол сұғылмаушылығын айқын бейнелейді. Ол өткеннің дәстүрлерімен ұштастыра отырып, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын көрсетеді. Атап айтқанда, Қарулы күштер нышаны – шеттерi алтын түстi нұсқамен жиектелген бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың ортасында шұғылалы күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген», делінген хабарламада. Әскери күштер түрінің тулары Қазақстан армиясына тиесілілікті және әскери ұжымның бауырластығы мен бірлігі идеясын білдіреді. Биыл Қазақстан Қарулы күштерінде бірқатар кәсіби мерекелер мен атаулы күндер алғаш рет атап өтіліп жатыр. Олар Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы бұйрығымен бекітілген.
18 шілде 2021 ж. 1 031 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 42

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 105

Өнерде жоқ шекара

21 мамыр 2025 ж. 24

Барлаушы Сағымов

21 мамыр 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031