Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әскер – ел айбыны

Әскер – ел айбыны

Елдің біртұтастығы мен халықтың тыныштығын сақтауда айбынды сарбаздардың атқаратын рөлі ерекше. Темірдей тәртіпке бағынған олар күндіз-түні кірпік қақпай күзетте тұрады. Әскери киім киіп, Отан үшін адал қызмет ету – үлкен жауапкершілік жүктейді. Осыған орай біз 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Қуат Ысқақовты әңгімеге тартқан едік.

– Қуат Оспанұлы, қорғаныс істері жөніндегі бөлім дегенде біздің ойымызға мерзімді әскерге шақыру оралатыны жасырын емес. Сіз бас­қаратын бөлімнің міндетін білсек.

– Негізі қорғаныс бөлімі Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары қатарында бейбіт және соғыс уақытында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс атқарады. Сол арқылы адам және көлік ресурстарын жұмылдыруды жүргізу жос­парын, азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке, запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыруды және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдауды, ауданның әскери-экономикалық әлеуетінің есебін жүргізуді қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда біздің бөлімде жұмыл­дыру, жасақтау және материалдық-қамтамасыз ету бөлімшелері өздеріне қойылған міндеттерді жүзеге асырады.

– Әскерге шақырылушыларға қойылатын талаптар қандай?

– Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының талаптарын сәйкес әскерге шақырылушы азаматтардың денсаулығы жарамды, соттылығының болмауы және Отан қорғауға деген ниетінің болуы қажет.

– Қандай жағдайда шақыртудан кейінге қалдырылады?

– Мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны кезінде кейінге қалдырылуы және әскерге шақырылудан босатылуы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының 35 бабына сәйкес отбасы жағдайына (отбасында мүгедек, ата-анасы болмаған жағдайда, ата-анасының зейнеткерлік жасқа толуына, некеде тұруы және т.б.), білім алу жағдайы (күндізгі бөлім және жоғары білімін жалғастыру) үшін және басқа да себептері (ауыл мұғалімдері мен дәрігерлері) бойынша әскер қатарына жіберу кейінге қалдырылады.

– Әскерге барудан жалтарып жүргендерге қандай шара қолданылады?

– Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 387 бабына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 647, 648, 649 және 650 баптарына сәйкес мерзімді әскери қызметке барудан жалтарып жүрген азаматтарға айыппұл негізінде жауапкершілікке тарту құқық қорғау органдарымен бірлесіп шешіледі.

– Бөлімде жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге байланысты нендей шаралар ұйымдастырылуда?

– Қазақстан Республикасы Конс­титуциясының 36-бабында «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті болып табылады» деп жазылған. Осыған сәйкес, Қазалы ауданындағы жас­тармен әскери-патриоттық жұмыстар жергілікті атқару органдарымен бірлесе жүйелі ұйымдастырылуда. Аудан көлеміндегі білім беру мектептерінде жастарға үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтар ашылды. Оқу орындарында оқитын жастарды патриоттыққа тәрбиелеу бағытында және алдағы уақытта әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеуге дағдыландыру үшін аудандағы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ауған соғысының ардагерлерімен және әскери қызметін атқарып келген жастармен кездесулер жиі өткізіліп тұрады.
Сондай-ақ мектеп жасындағы жастарды әскери оқу орындарына түсуі үшін мақсатты жұмыстар атқарылуда. Алматы қаласындағы құрлық әскерлерінің институты мен радиоэлектроника және байланыс әскери институты, Ақтөбе қаласындағы әскери әуе күштерінің институтына құжаттар қабылдау жыл сайын жүргізіледі.

– Қазіргі таңда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

– Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде күнделікті міндеттерінен бөлек, Қазақстан Респу­бликасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қыз­метке шақыру жұмыстары жоғары басшылықтан келген наряд негізінде бас­талды. Осыған сәйкес Қазалы ауданында шақыру қатарына жататын азаматтарды көктемгі және күзгі мерзімді әскери қызметке жіберу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жергілікті басқару органдарымен бірлесіп жоспар жасалды. Соған сәйкес аудан әкімінің қаулысы шығарылып, аудандық шақыру және шақырылушы азаматтардың мерзімді әскери қызметке жарамдылығын анықтау мақсатында медициналық комиссиялары құрылды.
Осы уақытқа дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметі және Қарулы Күштердің әскери бөлімдері толығымен жасақталып, қойылған тапсырма орындалу үстінде. Алдағы уақытта Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан әскери бөлімдері әскерге шақырылушы азаматтармен жасақталады.
Осы сұхбатты пайдалана отырып, қарулы күштер жауынгерлері мен ардагерлерін Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке күні Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестерге, Ауғанстанның отты жолдарынан өткен ержүрек жауынгерлерге тағзым етеміз. Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгілік пен игілік тілеймін. Олардың денсаулығы мықты болып, ел үшін табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бақыт әкелсін!
– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ

07 мамыр 2019 ж. 2 884 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 66

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930