Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп директорлары арасында өткен І республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Мектеп директорлары арасында өткен І республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Бүгін Қызылордада «Edcrunch Headmaster» атты мектеп директорларының арасында ұйымдастырылған І республикалық конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлдені Қызылорда қаласының атынан қатысқан №101 мектеп-лицейінің директоры Айгүл Алтынбекқызы жеңіп алды.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, өзара тәжірибе алмасу және білім беру ұйымының озық инновациялық идеяларын насихаттауды мақсат тұтқан байқауға Шығыс Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларынан 6 директор қатысып, 5 кезең бойынша бақтарын сынады.
Білім бәсекесінде білім беру ұйымдарының басшылары І кезеңде соңғы 3 жылдағы жетістіктері бойынша «Мен табысты басшымын» тақырыбында бейнеролик дайындаса, ІІ кезеңде «Басқарудағы менің жетістіктерім» тақырыбында өз мектебі бойынша атқарған жұмыстарының таныстырылымы жасап, ІІІ кезеңде «Жаңа мектеп – жаңарған жоба тақырыбында өз жобаларын қорғаған. Ал, ІV кезеңде мектеп директорлары TedX – форматында берілген тақырып бойынша ашық алаңда пікірін білдірсе, V кезеңде басқару жағдаяттарын шешу бойынша сайысқа түсті.
Республикамызда алғаш өткізілген байқаудың нәтижесі бойынша І орынды Қызылорда қаласынан №101 мектеп-лицейдің директоры Айгүл Өткелбаева жеңіп алса, ІІ орынды Ақмола облысы, Щучинск қаласы №7 мектеп-лицей директоры Сураганов Дамир иеленді. Ал, Түркістан облысы, Ата түрік атындағы №17 мектеп-гимназия директоры Үрімова Рахила жүлделі ІІІ орынға ие болып, жеңімпаздарға бағалай сыйлықтар мен арнайы алғыс хаттармен табысталды.
#Қызылорда
#БҒМ
#ОблыстықБілімБасқармасы
#СеріктесДиректорларЛигасы
#EdcrunchHeadmaster

Қызылорда Облысының Білім Басқармасы




05 мамыр 2022 ж. 841 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 129

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 109

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 107

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 111

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031