Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттайды

400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттайды

Жаңа оқу жылында 3 млн-нан астам оқушы оқуын жалғастырады. Бұл туралы ҚазАқпарат БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Елімізде алғаш рет 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттайды.
«Жаңа 2019-2020 оқу жылында республикада 7 мыңнан астам мемлекеттік мектептерінде 3 млн-нан астам оқушы оқуын жалғастырады.
Алғаш рет 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттайды. Білім күні оқушыларды 300 мыңға жуық педагог қарсы алады. 10 мыңнан астам жас педагог кәсіби қызметке кіріседі», - делінген министрлік хабарламасында.
Алғашқы рет Білім күні мектеп оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдердің арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық жағымды бейнеролик орналастыру бойынша «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты республикалық интернет-науқан өтеді. Республикалық бюджет есебінен 115 мектеп салынады, оның ішінде 57 объект ағымдағы жылы іске қосылады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 79 мектеп, 19 мектеп жанынан ғимарат салынуда, оның ішінде 4 мектеп, 8 мектеп жанынан ғимарат іске қосылады. Осы күні республиканың Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркестан, облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында жаңа білім беру объектілері ашылады. Сондай-ақ, 1 қыркүйек күні Білім беру ұйымдарында жаңа 2019-2020 оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі салтанатты линейкалар өтеді. Облыс әкімдері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де мектеп линейкаларына қатысады.
syrboyi.kz
01 қыркүйек 2019 ж. 1 296 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031