Өрендері өнерлі «Өрімтал»
Қазалы қаласында орналасқан алғашында он бес орындық бөбекжай болып ашылған «Өрімтал» балалар бақшасының тарихы тереңде. 1925 жылы онда орыс, кәріс, өзбек, қазақ балалары тәрбиеленген. Әр жылдары кеңейтіліп, материалдық жағдайы жақсарғасын 1988 жылдың қарашасында 280 орындық екі қабатты типтік жобамен салынған жаңа ғимаратқа көшті.
Қазір бөбекжай-балабақша атанған «Өрімталда» 4 топта 100 бала тәрбиеленеді. Балғындар ордасын 2012 жылдан бері ізденімпаз, іскер басшы Анар Кеулімжай басқарады.Тәжірибелі меңгеруші ұжыммен бірге балалардың жан-жақты қорғалған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауда. Мектепке дейінгі тәрбие ұйымында 40 қызметкер, оның ішінде 18 педагог, 22 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. Жоғары санатты – 1, І санатты – 7, ІІ санатты – 7 маман балаларға білім мен тәрбие береді.
Балабақша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» және ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жұмыс жасайды. Балалардың білім алуына, шығармашылықпен айналысуына, күндерін әсерлі өткізуге мейлінше қолайлы жағдайлар жасалған, денсаулығын нығайту шаралары басты назарда. Тәрбиеші педагогтар әр баланың жеке-тұлғалық сапасын жетілдіру және оларды дамыту мақсатында 5 білім беру саласы бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Оқытудың озық технологиялары – ақпараттық, жобалау-зерттеу, «Тәй-тәй», ойын, Воскобович, Кюизенер, Фребель т.б оқу-тәрбие жұмысында кеңінен қолданылады. Атап айтар болсақ, Qaz тест «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» ІІ Республикалық олимпиадасына 16 педагог қатысып, 12 педагог бірінші, 4-уі екінші орын иеленді, республика бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен 7 педагог-тәрбиеші Құрмет грамотасымен марапатталды. Мұнымен қоса республика бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен 10 педагогтің ішінде балабақша тәрбиешісі Э.Тауасарова мен М.Райымқұлова 10000 теңгелік стипендияға ие болды. «Шабыт» білім беру орталығы ұйымдастырған «Педагогтардың денсаулық сақтаушы ретіндегі қызметіндегі технологиялары» атты республикалық байқауда тәрбиеші Ш.Нарымбетова бірінші, А.Жолмырзаева екінші орын иеленді.
Биылғы жылы А.Кеулімжай, Ш.Нарымбетова, С.Сайпенованың «Жобалау-зерттеу технологиясы арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың зерттеушілік-ізденушілік қабілеттерін дамыту» атты әдістемелік құралы, музыка жетекшісі Р.Ахметованың «Театрландырылған музыкалық дидактикалық ойын», тәрбиешілер А.Жолмырзаева, К.Смайлова, Э.Тауасарованың «Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерді кубик-рубик ойыны арқылы жан-жақты ой-өрісін, логикасын дамыту» атты авторлық бағдарламалары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филилалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институында беттеліп, басылып шықты.
«Al-FARABY» білім қолдану орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мерекеңмен анашым» атты балабақша арасындағы сурет салу сайысына 40 бүлдіршін қатысып, барлығы да жүлделі орынға шықты. Ұжым «Үздік балабақша» бағамын иеленіп, Құрмет грамотасымен марапатталған. Қызылорда қаласындағы «Тәуелсіздікке тарту» атты республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында тәрбиеленуші Кәусар Жанилова «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша бірінші дәрежелі диплом мен кубогін жеңіп алды, жетекшісі Роза Ахметова. «Сымбат» би тобы, жетекшісі Мереке Дәрібаева «Хореография» жанры бойынша бас жүлде иеленді. Орал қаласындағы «Жас дарын» VIII Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған өнер байқауында тәрбиеленуші Нұрайым Кеулімжай эстрадалық вокал номинациясы бойынша үшінші орын тұғырына көтеріліп, диплом және кубокпен оралды. Жетекшісі Роза Ахметова «Үздік ұстаз» дипломын алды.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Дарын» республикалық жас өнерпаздар байқауында да Н.Кеулімжай екінші, ортаңғы топ тәрбиеленушісі Дамир Қуанышбай «Көркем сөз» жанры бойынша екінші, «Хореография» жанрында «Сымбат» би тобының бүлдіршіндері бірінші орын, ер балалар тобы бас жүлде иеленіп, Алматы қаласында өтетін жарысқа жолдама берілді. «Алаш ардақтылары» атты республикалық байқауда тәрбиеленуші Амира Серғали «Көркемсөз» жанры бойынша екінші, «Жырласам ба екен» атты республикалық М.Мақатаевтың ән-жыр байқауында тәрбиеленуші Кәусар Жанилова екінші, Ұлдай Шайхслам үшінші орын иеленді, жетекшісі – Айман Тұрсынбай, Мирамкүл Бекжан «Үздік ұстаз» дипломымен марапатталды. «Жас дарын» орталығы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырған «Абай – дана, Абай – дара қазақта» байқауында тәрбиеленуші Д.Қуанышбай бірінші орынға қол жеткізді. Сондай-ақ бүлдіршіндер «Көкжиек», «Балбұлақ» білім порталдары ұйымдастырған түрлі сайыстарға белсене қатысып, жүлделі орыннан табылуда.
– Мектепке дейінгі шақ адам өміріндегі ең маңызды кезең. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды. Сондықтан балалармен анағұрлым жан-жақты дамытушылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе, жұмыс соншалықты нәтижелі болады. Тәрбиелі, білімді ұрпақ балабақшадан дайын шәкірт болып шығады. Бұл орайда «Өрімтал» бөбекжай-балабақшасы сенім үдесінен шығуды басты мақсат етеді, – дейді балабақша меңгерушісі Анар Өтегенқызы.
Қандай мереке болмасын өз үлестерін қосып жүретін өрімталдық балғындар мәдениет үйінде, орталық алаңда жоғары дәрежеде өнер көрсетіп жүр.
Бүлдіршіндер апайларымен бірге аулаға әсем гүл егіп, көшет отырғызады. Олардың нәзік саусақтары мен тәтті қиялы арқылы салынған суреттер де балабақша төріне ілініп қойылған. Ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендірілген қолөнер бұйымдарын да тәрбиеленушілерімен бірлесе отырып, жасап шығады. Бұған ата-аналар дән риза. Олардың сөздерінен балақайларына балалық шақтың бал дәмін сезіндіре білген тәрбиешілерге деген ықыласты анық аңғаруға болады.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА