Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Балдәурен» – бақыт баспалдағы

«Балдәурен» – бақыт баспалдағы

Ғани Мұратбаев ауылындағы №15 «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы 1983 жылы пайдалануға берілген. Баланың бақыт баспалдағына баланған балабақшада төрт топта тоқсан тәрбиеленуші бар. Онда 13 педагог-тәрбиеші қызмет атқарады.

Балабақша Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 5 білім беру саласы бойынша жұмыс атқарады. Бағыты мен мақсат-міндеттеріне қарай «Денсаулық», «Коммуникация» және «Шығармашылық» салаларын басшылыққа алады. «Денсаулық» бағыты бойынша балалар денсаулығын сақтап, нығайту және қозғалыс белсенділігін дамытып, салауатты өмірге баулиды. «Коммуникация» негізінде баларларға ана тілінің базалық құндылықтарын меңгертіп, мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасымен ауызша және түрлі құралдармен жұмыс істеуге қабілетті етіп тәрбиелейді. «Шығармашылық» білім беру саласы аясында балалардың сезімдік-эмоционалдық ортасы мен эстетикалық талғамын қалыптастырып, шығармашылық ойлау қабілеті мен қиялын дамытатын жұмыстарға мән беріледі.

Қыркүйек айының алғашқы күні бүлдіршіндерге «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілген. Алғашқы білім күнінен бастап тәрбиеленушілерді Отанды сүйе білуге, елге жерге деген сүйіспеншіліктерін оятуды мақсат еткен шарада балалар тақпақ, ән айтып, би билеп, өнерлерін ораға салды. Қазір «Сәлем саған Алтын күз!» тақырыбында ертеңгілік өткізуге қызу дайындық жүргізілуде. Балаларға күз мезгілінің береке молшылығын, диқандардың жаз бойы еткен еңбектерін насихаттауды ұтымды ұйымдастыра білуді көздеген тәрбиешілер жан-жақты жұмыс жүргізуді мақсат тұтқан.

Бала тәрбиесінде белсенділік пен табандылық таныта білген балабақша қызметкерлерінің еңбегі ескерусіз емес. Ұстаздар күні мерекесіне орай балабақша тәрбиешісі Жадыра Шақмұратова, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінде А.Әлімбетова, А.Құлахметов, Тәуелсіздік мерекесінде Р.Молдабаев, Ж.Шоратай Алғыс хат иеленді.
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері арасында өткізілген «Биле бүлдіршін» би байқауында музыка жетекшісі Гүлнар Жаманқара дайындаған «Қарлығаш би тобы» үшінші орын алды. «Тәуелсіздікке тәу етер ұрпақпыз» атты мәнерлеп оқу байқауында дарындылығымен ерекшеленген балабақша тәрбиеленушісі Алтынбек Қабылбек Алғыс хатпен марапатталды. «Қазақ халқының мәдени мұрасы негізінде мектепке дейінгі балалардың рухани-адамгершілік құндылықтарының дамуы» тақырыбындағы педагогикалық оқуда тәрбиеші Ж.Шақмұратова үшінші орын алды. Дайындаған асы тіл үйретін аспаз Алтынай Дошниязова мен Марал Бижанова да наурыз мерекесі қарсаңында алғыс арқалады.

Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қазіргі қоғамдағы өнер иелерінің рөлін, орындаушылық шеберлігін өзіндік ерекшелігін дәлелдеу мақсатында өткізілген «Дәл сондаймын» атты пародиялық байқауда үздік өнер көрсеткені үшін ұжым бас жүлдеге ие болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілген аудандық «Асыл әжем» атты байқауда балабақша әжелерінен құралған «Асыл әже» тобы екінші орын жүлдегері атанды. Балабақша психологі Бақытгүл Сырлыбаева Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы үстінде білім беру ұйымдарының педагогтері мен оқушылары арасында өткен «Ұлағатты ұстаз, дарынды шәкірт» республикалық байқауда екінші орын иемденіп, «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісіне ие болды және материалдар жинағына мақаласы жарияланды. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлдана Аймашова Қазақстан кәсіподақтарының күнінде облыстық кәсіподақ комитеті төрайымының марапатына ие болды.

Балалардың бақыт мекеніне айналған «Балдәурендегі» әрбір күн қызыққа толы.
– Жұмыс жоспарына сәйкес балабақшада педагогикалық кеңес, семинар, өндірістік әдістемелік кеңес, ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері, мерекелік ертеңгілік пен кештер, спорттық эстафеталық сайыстар өтеді. Тәрбиешілер оқу-тәрбие жұмыстарына қазіргі заманғы әдістеме мен технологияларды жүйелі түрде қолданады. «Тәй-тәй», «Монтессори», «Жобалау», «Триз», «Ойын» технологиялары бойынша педагог-тәрбиешілер біліктілігін арттыру курстарынан өтті. «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын бақылау бойынша мониторингтің бірыңғай тәсілі» тақырыбында семинар курстарға қатысып, білімдерін жетілдірді. Аудандық білім бөлімнің мектепке дейінгі ұйымдар арасында ұйымдастырылған іс-шарасына белсенділікпен қатысып, жақсы жетістіктерге жетудеміз, – дейді балабақша меңгерушісі Эльмира Әйтбембет.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
15 қыркүйек 2019 ж. 2 179 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930