Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ төлқұжатынан кімдер бас тартты?

Қазақ төлқұжатынан кімдер бас тартты?

Былтыр қаңтар-маусым айларында елімізден 20 071 адам көшсе, биыл тап осы мерезімде, яғни, COVID-19 кезінде олардың мөлшері 45,3%-ға кеміп, қазақ елінен 10 977 адам өзге елден өз бақытын іздеп қоныс аударды.

Бұлардың ішінде ТМД елдеріне атбасын бұрғандары – 9,8 мыңға тарта. Тарқата айтсақ: Ресейге – 9,5 мың, Өзбекстанға – 131, Беларусқа – 101, Қырғызстанға – 33, Украинға – 22 және Әзербайжанға – 16 адам ауа көшті.
Әлемнің қалған алыс-жақын елдеріне қазақ жерінен көшкендер саны: 1169 адам. Олардың 780-і – Алманияда, 131-і – АҚШ-та, 59-ы – Канадада, 20-сы – Израилде, 17-сі – Түркияда, 7-сі – Грекияда тұрғанды хош санапты.
Қазақ елінен біржола кеткендердің 15 жастан асқандары – 7921 адамды, құраса, ал, 15 жасқа дейінгілері – 2,6 мың бала мен жасөспірімдерден тұрады. Осылардың ішінде жоғары жалақы үшін түре көшкен техникалық білімді мамандардың қарасы 1,8 мыңның төңірегінде.
Қазақ төлқұжатын өзге елдің азаматтығына алмастырғандардың ішінде 503 – қазақ, 7705 – орыс, 890 – неміс, 759 – украин, 271 – татар, 141 – поляк, 138 – белорус, 81 – өзбек, 73 – кәріс, 47 – шешен, 44 – әзербайжан және басқада өзге ұлт өкілдері бар.
Алаш баласының шетелге аууы процесінде тек аралас некедегі және жалғыз басты орыс тілді қазақтардың қарасы басым.
29 тамыз 2020 ж. 608 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 131

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 86

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 45

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031