Ұрпаққа дарыған баба қасиеті
Кеше ауданның ұйымшыл ауылдарының бірі – Бозкөлде есімі Сыр еліне «қара дүкен» әулие деп танылған емші, ұста, қолөнер шебері Жәлен Ерімбетұлының 120 жылдығы аталып өтті.
Жәлен Ерімбетұлы Қазалы ауданы, Бозкөл ауылында 1904-1983 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол әулие, бақсы, ұста, қолөнер шебері болған. Халық арасында «Қара дүкен» әулие атанып кеткен. Қаншама шипа іздеген жан Жәлен атаның алдына келіп, құлан таза айыққан деседі.
Мерейтой бастауы тұлғаның құрметіне ашылған жаңа музейден басталды. Ауыл төріне қонақ болып, аудан басшысы М.Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Б.Жарылқап, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Т.Бөріқұлақов пен облыстық мәслихат депутаты І.Тілеп, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов сынды ауданның белді азаматтары келді.
– Интернеттің заманында музейге тек көненің қоймасы деп қарауға болмайды. Музей меніңше өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырады. Музей дипломатиялық кешен деуге де болады. Сырттан келген меймандар алдымен бұл ел қандай ел, халқы қандай, болашағы қандай дегенде сұраққа осы жерден жауап алады. Оған қоса музей өскелең ұрпақты тәрбиелеудің маңызды құралы. Сондықтан біз бүгін Бозкөл ауылында қара дүкен ұстаған ұсынықты ұста, белгілі қолөнер шебері Жәлен Ерімбетұлының 120 жылдығына орай ашылып отырған осы музейді тиімді әрі рухани қажеттілігімізге дұрыс пайдалана білуі керек. Болашақта бұл орын жас ұрпаққа тәлімі мен тәрбиесін беретін мәдени ошаққа айналады деп сенемін. Сондықтан бүгінгі қуанышымыз құтты болсын, тарихымыз мәңгілік болсын, – деп аудан әкімі сөз бастады.
Одан кейін ауыл ардагері Жанұзақ Келімбетов және бірқатар азаматқа сөз кезегі беріліп, мұражай лентасы қиылды.
Мұражай кіреберісінен бастап, тұлғаның немересі Талант Сахит барша қонақтарға туындыларды таныстырды. Мұнда Жәлен атаның пайдаланған заттары және өз қолымен жасаған ат әбзелдері мен зергерлік, тұрмыстық сияқты заттар жинағы бар. Сонымен қатар тұлғаның ізін жалғаған қандас бауырлары мен немере, шөберелерінің де туындылары көп-ақ. Әулие ұрпақтарының бірі Қазақстан Республикасының дизайнерлер одағының мүшесі екенін айтпай кеткеніміз болмас.
Айта кетейік, Жәлен ата мұражайдағы өзі жасаған зергерлік заттарды жалғыз, сол қолымен жасаған. Ол жас күнінде белгілі себептермен оң қолынан айырылған деседі.
Тағылымды шара жалғасы ауылдық мәдениет үйінде «Ұлттық қолөнер – ұрпаққа аманат» атты облыстық қолөнер шеберлері байқауына ұласты.
Жиналған жұрттың қарасы қалың. Барлығы аймақтың түкпір-түкпірінен келген қолөнер шеберелерінің туындыларына қарап тәнті болды. Бұл байқауда қазылық еткен баба ұрпағы Талант Сахитов, №25-інші Қожабақы ауылдық орта мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Дүйсенбай Сәрсенбаев және ардагер ұстаз, белгілі қылқалам шебері Тастайбек Иманғали сынды азаматтар төрағалық етті. Сарапшылар қауымы талқыға саламға дейін, кеш қонақтары мен көрермендерін ауыл өнерпаздарының керемет кешіне көшірді. Кезекті сөз аудан басшысы Мұхтар Оразбаевқа берілді. Аудан әкімі өз кезегінде байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, осындай игі шаралардың көптеп өткені дұрыс екендігін айтып өтті.
Сахна төріне баба ұрпағы өзінің ән шашуын арнады. Әсем ән көрермендер жүрегінен орын тауып, олардың көздеріне жас үйіртті. Кеш соңы ауыл өнерпаздарының әуезді әнімен тәмамдалды.
Екі кезеңнен тұратын өнерпаздар байқауы да аяғына жетіп, әділ қазылар шешімі бойынша, бас жүлде – Арал ауданы Шөмішкөл ауылынан келген Гүлнар Анапияеваға бұйырды. Жүлделі бірінші орынды – қос қармақшылық Құралай Боранбаева мен Іңкәр Серікбаевалар қанжылады. Ал үшінші орын – Жанқожа батыр ауылынан Ләйлә Жұмағали, кент тұрғыны Дәурен Сәрсенбаев пен бозкөлдік Бейбіт Әбдіраманға бұйырды. Жомарт Рақымжановқа «Жәлен ата» атындағы арнайы жүлде беріліп, басқа да белсенді қатысушыларға арнайы номинациялар мен алғыс хаттар табысталды.

Серік АҚМЫРЗА,
фото Нұрлан ҚАНАТ