Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалпақта жаңа медициналық бекет ашылды

Жалпақта жаңа медициналық бекет ашылды

Бүгін Қазалы ауданының Ақжона ауылдық округінде жаңа медициналық бекет ашылды. Округке қарасты Жалпақ елді мекеніндегі жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, тұрғындарды қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Сонымен қатар, аудандағы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер мен оң өзгерістерге тоқталып, жаңа нысан ауыл тұрғындарының дертіне шипа табатын құтты орынға айналуына тілектестігін білдірді.
Мұнан соң, Ақжона ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрадин Пәуешов пен Майдакөл ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Күләш Лекер көпшілікті қуанышымен құттықтап, іргелі істерге ұйытқы болып жүрген ел азаматтарына алғысын айтты.
Жаңадан салынған нысан алдына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Ғазиз Әліш және тағы басқа азаматтар көшеттер отырғызып, игі тілектерін жеткізді.
Ақжона ауылдық округіне қарасты Жалпақ елді мекенінде 25 тұрғын бар. Осыған қарамастан заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген медициналық бекет салынғанына ауыл халқы дән риза.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
06 сәуір 2022 ж. 764 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 121

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 103

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 112

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031