Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа медициналық бекет ашылды

Жаңа медициналық бекет ашылды

Жуырда Қазалы ауданының Ақжона ауылдық округінде жаңа медициналық бекет ашылды. Округке қарасты Жалпақ елді мекеніндегі жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, тұрғындарды қасиетті рамазан айымен құттықтады.
Сонымен қатар аудандағы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер мен оң өзгерістерге тоқталып, жаңа нысан ауыл тұрғындарының дертіне шипа табатын құтты орынға айналуына тілектестігін білдірді.
Мұнан соң Ақжона ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрадин Пәуешов пен Майдакөл ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Күләш Лекер көпшілікті қуанышымен құттықтап, іргелі істерге ұйытқы болып жүрген ел азаматтарына алғысын айтты.
Жаңадан бой көтерген бекеттің алдына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Ғазиз Әліш және тағы басқа азаматтар көшеттер отырғызып, игі тілектерін жеткізді.
Ақжона ауылдық округіне қарасты Жалпақ елді мекенінде 25 тұрғын бар. Осыған қарамастан заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген медициналық бекет салынғанына ауыл халқы дән риза.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
09 сәуір 2022 ж. 421 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 86

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 71

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930