Өнер өлкесіндегі өрендер
Әйтеке би кенттік клубының ұйымдастыруымен 5-7 жас аралығындағы кент, қала, ауылдық округтегі балабақша және мектеп оқушылары арасында «Әнші болғым келеді» атты тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің аудандық байқауы өтті.
Гүлмира БЕКНАЗАРОВА,
«Жансая» балабақшасының әдіскері
Балалар жылына орай ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – балалар шығармашылығын дамыту, жас таланттарды халыққа насихаттау, өнерлерін шыңдау. Аталған шарада 40-тан астам талапкер бақ сынады. Бүлдіршіндердің өнеріне №249 мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнәр Аяпова, аудандық оқушылар үйінің жеке ән үйірмесінің жетекшісі Нағима Қарымсақова, Қазалы қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Дастан Пірімбаев баға берді.
Екі кезеңнен тұратын өнер додасында бас жүлдені Қожабақы ауылындағы «Айгүл» бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушісі Әзима Елтай жеңіп алды. Оны өнерге баулыған жетекшісі Бану Балымбетова. Бірінші орынды Әйтеке би кентіндегі «Жансая» жеке балабақшасынан қатысқан Кәусар Ғабитқызы мен Ү.Түктібаев ауылындағы «Жайна» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіні Расул Алмас иеленді. Талантты балаларға жетекшілік еткен Базаркүл Бакенова мен Үміт Жұбанышова. Екінші орынға басықаралық Бибінұр Қаназ, жанқожабатырлық Кәусар Сақтапберген және Қазалы қаласындағы «Ақерке» бөбекжай-балабақшасынан келген Зере Сейілхан, №234 мектеп жанындағы «Таңшолпан» шағын орталығының оқушысы Фатима Құттыбай лайық деп танылды. Олардың жетекші-ұстаздары Айтолқын Іскендір, Зағира Исалда, Фариза Төлегенова, Айсара Құлниязованың еңбектері өлшеусіз.
Бірінен-бірі өткен өнерлі өрендерді бағалауда әділқазы алқалары ойлана келе бірнеше балаға үшінші орын беруді ұйғарды. Олардың қатарында «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасынан келген Аяна Мақсұт, №249 мектеп-лицей жанындағы «Айналайын» шағын орталығының тәрбиеленушісі Айша Алмат, «Аққоян» бөбекжай-балабақшасынан қатысқан Жұлдызай Әділет, №266 мектеп-лицей оқушысы Нұрай Нұрболатқызы, «Айжұлдыз» балабақшасынан Айша Темірхан, абайлық Арман Әбдібаев және «Балапан» бөбекжай-балабақшасының «Балапан» ансамблі бар. Аталған балдырғандардың жетекшілері Гүлнұр Құмарбаева, Қуанышкүл Сапаева, Мөлдір Сарман, Мақтагүл Рысмамбет, Фариза Орынбаева, Салтанат Шайзадаева, Айзада Елесбаева, Сайра Сердалиевалар да үшінші орын тұғырынан көрінді.
Ал Раяна Құдайберген «Сүйкімді ару», Ақбілек Дәуренбекқызы «Талантты ару», Баймұрат Әмір «Әнші жігіт», Маралбек Альфия «Балапан ару», Алдабергенқызы Айзере «Әнші ару», Жайыққызы Құралай «Шырайлы ару», Жансая Әлімжан «Балапан ару», Назерке Әділет «Көрікті ару», Расул Қарасай «Сымбатты жігіт», Жансая Ильясова «Ерке ару», Нұрсұлтан Көпболсын «Көрікті жігіт», Сағдан Айша «Дарынды ару», Еркеназ Ерғали «Көрермен көзайымы», Сахи Айшабибі «Өнерлі ару» номинацияларын иеленді.
Осы байқауда белсенділік танытып, шәкірттерін жоғары деңгейде дайындағаны үшін балабақшамыздың музыка жетекшісі Базаркүл Бәкеноваға және осы байқауға қатысушы тәрбиеленушіміз Кәусар Ғабитқызына демеушілік жасаған балабақша меңгерушісі Шәкизада Имандосоваға алғыс білдіреміз.
Гүлмира БЕКНАЗАРОВА,
«Жансая» балабақшасының әдіскері