Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көкарал бөгетіндегі кездесу

Көкарал бөгетіндегі кездесу

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты төрағасының бірінші орынбасары, Комиссияның Өзбекстан тарапынан тең төрағасы Содык Сафоев бастаған жұмысшы топ Арал ауданындағы Көкарал бөгетіне барып, жағдайын көрді.
Екі елдің Сенат депутаттарымен бірге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Су ресурстар комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров бөгеттің қазіргі жағдайын бақылап, ортақ мәселелерді талқылады.
Бөгет басында Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров «САРАТС» жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру барысын жеткізсе, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай Арал теңізінің құрғаған түбінде су тапшылығын азайту жөнінде қабылданып жатқан шаралар және фито-мелиорациялық жұмыстарды тізбектеді.
Көкарал бөгетінің ұзындығы – 13 км, ені - 9 м. Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтап қалу үшін Көкарал бөгетін қалпына келтіру жұмыстары 2002 жылдан бастап 2008 жылға дейін жүргізілген. – «САРАТС» жобасының екінші кезеңі іске асырған уақытта Солтүстік Арал бөлігінде 50 км3 суды сақтап тұруға қол жеткіземіз. Бұл өз кезегінде балық аулау көлемі де екі есеге өседі деген сөз. Жоба Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсартады, – деді Нұрлан Алдамжаров.
Делегация өкілдері су жағдайына қатысты ортақ мәселені арнайы жиында қарайды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
26 сәуір 2022 ж. 289 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930