Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кітап оқу – мәдениеттің ең жоғары үлгісі

Кітап оқу – мәдениеттің ең жоғары үлгісі

Қашанда кітап – қай халықтың болмасын рухани қазынасы әрі азығы болған. Бұған 23 сәуір дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні дәлел болса керек. Мереке қарсаңында аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен коворкинг орталығында «Менің сүйікті кітабым» атты жасөспірімдер арасында байқау өтті.
Сайыста әділ қазылық еткен Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Қарлығаш Рамбердиева, Аудандық оқушылар үйінің қызметкері Жанар Әлішева, Жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Дина Әлішева, «Қазалы» газетінің тілшісі Серік Ақмырза, №17 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Эльмира Әбсұлтанова сынды азаматтар болды.
Байқау аудандық орталық кітапхана меңгерушісі Индира Әбілқасымқызы жылы лебізімен ашып, балғындарға сәттілік тіледі.
Үш кезеңнен тұратын байқауға 19 ауыл кітапхана оқырмандары қатысты. Қатысшыларды жас ерекшелігіне байланысты екі топқа бөлді. Оның біріншісі 4-5 сынып аралығы болса, екінші топ 6-8 сынып аралығында болды. Сайыс барсында жас буындар А.Құнанбайұлы, М.Мақатаев, Б.Соқпақбаев, М.Шаханов және жергілікті Ж.Мәкеналы сынды азулы ақындар мен жазушылардың шығармаларынан үзінді айтты. Сайыстың келесі кезеңінде қатысушыларға арнайы конверттегі, толық жазылмаған мақал-мәтел жалғасын табу тапсырмасы берілді. Одан кейін байқаудың ақтық кезеңі өз өнері болды. Бірі шыр көбелек айнала билесе, бірі жанды дауыста ән салып, ал келесісі түрлі аспапта ойнап, көрермен мен әділқазы мүшелерін тәнті қылды.
Байқаудың қорытынды сөз әділқазы алқасына беріліп:
– Бүгінгі байқауда жасөскіндердің әдеби, рухани азығын көбейту және келешегі кемел болуына атсалысып отырған барша кітапханашыларға алғысым шексіз. Қазақта ақынның өзі өлгенмен, сөзі өлмейді деген асыл сөз бар. Ол сөз жазушыларға да айтылса керек. Ұлы тұлғаларымыздың бүгінгі ізбасарлары, олардың сөзін өлтірмей, ізін жалғап келе жатқанын көріп көңіліміз бір марқайып қалдық. Балалардың өнеріне тәнтіміз, – деді Жанар Әлішева.
Онан соң байқау нәтижесі жарияланды. Бірінші топ бойынша жүлделі бірінші орынды №92 орта мектеп оқушысы Әбділда Ержан қанжығасына байлады. Ал екінші және үшінші орындарды №24, 94, 88 және 90-інші мектеп оқушылары иемденді.
Екінші топ мүшелері арасындағы байқауда бірінші орынды №93 мектептің оқушысы Зарина Ерімбет жеңіп алды. Қалан екінші және үшінші орынға №100, 134, 94 және 98 мектеп оқушылары жайғасты. Басқа да қатысушылар арнайы алыс хат пен түрлі номинациялармен марапатталды.
Алдағы уақытта жасбуынның кітапқа деген қызығушылығын артыру, ата-тарихын ұмытпауы үшін және қазақы құндылықтарымызды есте сақтау мақсатында ұйымдастырылатын тартысты байқаулар өз жалғасын табады деп сенеміз.
Ақбота ЖАҢАЙБЕКҚЫЗЫ
23 сәуір 2022 ж. 815 0

Үш қалада ауа ластанады

23 желтоқсан 2024 ж. 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031